trump Mark Wallheiser/ Stringer

Трамп президенттігің салдары

ЛОНДОН – АҚШ-тағы президент сайлауына қатысты жаңсақ пікір айтқандарымыз эмоциямызды жиып, бір-екі ай күтейік, әрі Дональд Трамп әкімшілігінің әлемге не бере алатынын салқынқандылықпен ойланайық. Сонымен, жетістігі мен салдарын қатар өрбіте отырып, Трамп президенттігінің ықтимал он нәтижесін тізіп көрейік.

Жақсы жаңалық – АҚШ-та экономикалық өсім басталады. Экономика Барак Обама президенттігінің екінші мерзіміндегі 2,2 пайыз жылдық өсімнен де жылдам қарқын алады. Бұлай болатын себебі – Республикалық партияның мемлекеттік шығындар мен қарызға деген антипатиясы тек Обама сияқты демократ Ақ үйде отырған кезде оянады. Ал Республикалық партия өкілі президент болса, онда партия шығындарды құлшыныспен арттырып, қарызды көптеп алуға кіріседі, президенттер Рональд Рейган мен Джордж У. Буштың кезінде солай болған. Демек, Трамп Обама көп мәрте ұсынса да қабылдата алмаған Кейнс қаржылық ынталандырмасын жүзеге асырады.

Оның нәтижесіндегі дефицит Кейнс ынталандырмасынан гөрі «ұсыныс экономикасына» көбірек ұқсайды, бірақ олардың нәтижесі де ұқсас болмақ: экономика да, инфляция да өседі. АҚШ экономикасы өз мүмкіндігінің ең жоғарғы шегінде жұмыс істеп тұрғандықтан, қосымша өсім инфляцияны одан сайын өсіреді, бірақ жағымсыз жаңалық 2018 жылы не одан кейінірек болады.

https://prosyn.org/UUd0VL0kk