Researchers in lab where the first gene edited embryo was made Xinhua News Agency/Stringer

Біздің экономикалық болашағамыз артта қалды ма?

ЧИКАГО – жаһандық экономика 2008 жылғы экономикалық дағдарыстан қалпына қайта келуіне әлі де уақыт керек, ал болашақ туралы алаңдаушылық, әсіресе озық экономикалардың болашағы туралы уайым үлкейе түсуде. Менің Солтүстік-Батыс университетіндегі әріптесім Роберт Гордон өзінің  Американдық дамудың гүлденуі мен құлдырауы атты соңғы кітабында, өткен  бір жарым ғасыр ішідегі өнімділікті арттыратын үлкен инновациялар теңдессіз деген көптеген экономистердің ойын ашып көрсетеді. Егер бұл шын болса, озық экономикалар алдағы жылдарда баяу өсу мен тоқырауды күткендері жөн. Бірақ болашақ  шыныменде соншалықты мұңды болады мы?

Бәлкім ондай болмас. Шын мәнінде, пессимизм ғасырлар бойы экономистердің болашақ туралы болжамдарына басты тақырып болған. 1830 жылы британдық либерал тарихшы Томас Маколей айтып өткендей, «[Меніңше] қандай заманда болмасын, әркім өз уақытына дейін, прогрессивті жетілдіру орын алғанын біліп, ешкім келесі жас буын заманында жақсарту болады деп сенбейді». Неге, адамдар «нашарлаудан басқа ештеңені» күтпейді? - деп те толғанды.

Көп ұзамай, Mаколейдің болжамы теміржол дамуының уақытында расталды. Болат, химиялық заттар, электр және машина өндірудегі түбегейлі өзгерістер де көп ұзамай орын алды.

https://prosyn.org/2C7I8Rnkk