Businessman paying with a credit card Getty Images

Технология бөлшек сауда нарығын бұзып жатыр ма?

ВАШИНГТОН – Ақпараттық технологиялар нарықты трансформациялап қана жатқан жоқ, ол барлық жерді, әсіресе тұрмыстағы тұтынушыларды жаулап алып жатыр. Адам компьютердің көмегімен әлемнің кез келген түкпірінде отырып тауарлар мен қызметтерді таңдап, әртүрлі сатушылар арасында бағаны салыстырып, затты жеткізу туралы жан-жақты мағлұмат ала алады.

Дүкен сөрелерінен, алаңдардан, шаңдауыт көшелерден сабылып зат алып өскендер мұндайды тек армандаушы еді. Олар көбіне жай затты сатып алу үшін ұзақ күтуге, саудаласуға мәжбүр болатын. Онлайн нарық келгелі уақыт та, ақша да үнемделіп, процестің барлық кезеңіндегі транзакция шығыны еселеп арзандады. 

Онлайн нарық тұтынушының жағдайын жақсартқанымен, іздеу жүйелері арқылы да, Amazon сияқты бірыңғай жүйелер арқылы да баға, тиімділік және тұтынушыға қызмет көрсету тұрғысынан бәсекені барған сайын арттырып жатыр. Тұтынушы әр затқа қолында бар табысының аз бөлігін жұмсай алатындықтан, олар бұрынғыдан көп тауар ала бастайды, бұл жалпы экономикалық белсенділікті арттырады.

https://prosyn.org/8PgsLjmkk