foley1_SouthAgencyGettyImages_journalistcamerawarzone South Agency/Getty Images

Журналистерді жан сақтауға үйрету

РОЧЕСТЕР, НЬЮ ГЕМПШИР – 2014 жылы, менің ұлым Джеймс Райт Фоулиді ұрлап кеткеннен кейін екі жылдан соң, ол Сирияда штаттан тыс тілші болып жұмыс істеп жүрген кезде, Ислам мемлекеті оны азаптап өлтірді. Джимнің өлімі қауіпті аудандарда жаңалықтар хабарлау кезінде журналистерге  туындайтын төтенше қауіп–қатерді атап өтті және де оларды қорғау үшін неғұрлым батыл іс-қимыл қажеттілігін көрсетті.

2018 жылы бүкіл әлем бойынша 80 журналист өлтірілді және жартысынан астамы нысанаға алынған болатын. Осы қылмыстардың көпшілігі қақтығыстар аймақтарында, әсіресе Ауғанстанда және Сирияда орын алғанымен, олардың жартысына жуығы Мексика, Үндістан және Америка Құрама Штаттары сияқты соғыс жағдайы жоқ елдерде орын алған, мысалы  олардың Аннаполис, Мериландтағы жаңалықтар бөліміне ер адам оқ жаудырған кезде төрт журналист өлтірілді.

Еуропада да журналистерге  қауіпсіз емес. Словакияда 27 жасар Ян Кучяк өзінің үйінде әріптесі Мартин Кушнировамен бірге жоғары лауазымды шенеуніктер мен бизнесмендерге қатысты салық төлеуден жалтарғаны және алаяқтық жасағаны үшін айыптауларға зерттеу жүрізгеннен кейін өлтірілді.

https://prosyn.org/xEwSbzFkk