Trump protest Wayne Taylor/Stringer

Трамп дәуірінде қалай аман қалуға болады?

НЬЮ-ЙОРК – Тек бір айдың ішінде АҚШ Президенті Дональд Трамп үлкен қарқынмен хаос пен тұрақсыздықты, сонымен қатар кез келген лаңкес мақтан ететіндей дәрежеде қорқынышты тарата білді. Таңданатыны жоқ, бизнес, азаматтық қоғам және үкіметтегі азаматтар мен басшылар тиісті және тиімді жауап бере алмай, күресіп жатыр.

Болашақ жоспарлар туралы кез келген ұсыныстар уақытша болып табылады, себебі Трамп әлі толық заңнаманы ұсынған жоқ, және Конгресс пен соттар оның дүркіндете атқан бұйрықтарына әлі толық жауап бермеді. Бірақ белгісіздік пен тұрақсыздықты мойындау алға басып, іс жасаудан бас тарту үшін негіздеме болып табылмайды.

Керісінше, Трамптың сөздері мен туиттеріне аса көңіл аудару керек екенін енді анық болды. Қараша айында болған сайлаудан соң, ол науқанында басты тақырып болған экстремизмден бас тартарына  бүкіл әлемдік үміт бар еді. Әрине, ол әлемдегі ең қуатты позиция деп аталатын қазіргі лауазымына ие болғанда шындыққа сәйкессіздік шебері мүлдем басқа адамға айналады деп саналған еді.

https://prosyn.org/9EbdX1okk