Donald Trump Alex Wong/Getty Images

Америкадағы саяси дағдарыстан қалай аман қалуға болады?

НЬЮ-ЙОРК – АҚШ сыртқы саясатты үйлесімді басқара алмай, не отандық экономикалық күнтәртібін келістіре алмай саяси дағдарысының қызған шағында тұр. Ақ үйде тұрақсыздық орнаған; Конгресс сал болып; және әлем таңқалып және үрейлене қарап отыр. Біз осы тоқыраудан аман қалып және оны еңсергіміз келсе, біз оның себептерін түсінуіміз керек.

Вашингтон, Колумбия округінде екі билік орталықтары бар - Ақ үй мен Капитолий. Екеуінің де  жағдайы керемет емес, бірақ себептері әр түрлі.

Ақ үйдің дұрыс жұмыс жасамауы негізінен Президент Дональд Трамптың тұлғасымен байланысты мәселе болып табылады. Көптеген сарапшылар, Трамптың мінез-құлығында, яғни оның өзін-өзі тым керемет санауы, патологиялық өтірік айтуы, кінәсін мойындамауы, маңызды мәселелерге таяз қарауы, паразиттік өмір салты, ырықсыздығы, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті алмауы және қысқа мерзімді неке қатынастарында - нәркестік, тұлғалық бұзылу белгілерін байқады.

https://prosyn.org/3X1siVSkk