singer179_ATTA KENAREAFP via Getty Images_iranprotestsoleimani Atta Kenare/AFP via Getty Images

Касем Сүлеймени өлімі ақталды ма?

МЕЛЬБУРН – Қаңтардың 3-і АҚШ ирандық генерал Касем Сүлейманидің көзін жойды.  Бағдат халықаралық әуежажайынан шыққан көлікте Сүлейманимен бірге "Катаиб Хезболла"-ның ирактық көшбасшысы, Иран қолдайтын қарулы топ жетекшілерінің бірі Әбу Махди әл-Мухандис болды. Көліктегі жолаушылардың барлығы қаза тапқан.

Келесі күні өткен арнайы баспасөз брифингінде АҚШ  мемлекеттік департаментінің аты аталмаған өкілі “Сүлеймани 20 жыл бойы Иран террористік шабуылының негізгі ұйымдастырушысы болғанын” әрі “бір өзі Ирактағы 608 американдықты өлтіргенін” мәлімдеді. Сондай-ақ, АҚШ Сүлеймани мен Мухандисті террорист деп танитынын, «бұл екі азаматтың шыныменде қауіпті адамдар қатарынан» екенін айтты.

2003 жылғы АҚШ барлау қызметінің Иракта жаппай қырып-жою қаруы бар деген болжамы толығымен қателік болды. Бұның соңы Иракқа басып кірумен аяқталып,  Иран мен Сүлейманидің елдегі ықпалын жойды. Алайда қазіргі фактілер АҚШ әкімшілігінің айтқанындай болса, қос өлімді этикалық тұрғыда қорғаныс құралы деп білуге бола ма?

https://prosyn.org/cORN9Rqkk