suliman1_tommyGetty Images_fakenews tommy/Getty Images

Жалған жаңалықтар нарығына қарсы қалай күресуге болады?

БОСТОН – Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін кей америкалық жастар Instagram-да алаяқтық мақсатпен парақшалар ашып, болып жатқан оқиғалар туралы суреттер мен видеолар жариялаған. Олар өздерін оқиға орнынан хабар таратып жүрген журналистер ретінде таныстырып, миллиондаған оқырман жинап, парақшасына жарнама жариялау арқылы табыс тауып келген. Бұл – интернетте тіркелген жалғыз алаяқтық оқиғасы емес. Оқырмандарды алдау жолымен ақша табу жалған жаңалықтар нарығының негізі саналады.

Интернет кең қолданысқа енгелі жалған жаңалықтар күрт көбейді. Жалған жаңалық авторлары саясаттан сатираға дейінгі әртүрлі мақсатты көздейді. Бұл тұста экономикалық факторды да естен шығаруға болмайды. 2020 жылы жүргізілген ғаламдық жалған ақпарат индексі зерттеуіне (GDI) сәйкес, жалған жаңалық таратумен айналысатын еуропалық сайттар жылына 76 миллион доллардан көп ақша табады.

Интернетте қолдан құрастырылған контентті ірі технологиялық компаниялардан бастап аудиториясы шағын TikTok блогерлерге дейінгі әртүрлі субъектілер қатысатын орталықтандырылмаған күрделі желі қаржыландырады. Бұл жүйенің қалай жұмыс істейтінін түсіндіру үшін 2016 жылы АҚШ-та өткен президент сайлауын еске алайық. Сайлау қарсаңында македониялық Весел ауылының жастары Дональд Трамптың позициясын жақтайтын жалған жаңалықтар таратқан. Олар оқырманын сендіру үшін жалған ақпарат пен шынайы жаңалықтарды араластырып берген. Кейін авторлар бұл материалдарды оңшылдар сайтына жариялап, хикаяларды әлеуметтік желілермен байланыстыру арқылы трафик жинаған. Трафик өскен сайн ірі технологиялық компаниялардан жарнама алып, табыс таба бастаған.

https://prosyn.org/QkA4Z9Wkk