starbucks rewards card Stephen Brashear/Getty Images

Алғашқы Starbucks банкі

ВАШИНГТОН – Тамыздың 3-і Starbucks бір хабарландыру жасады. Елеусіздеу қалғанымен, бұл оқиға қаржыны ұйымдастыру мәселесіне үлкен бетбұрыс әкелуі мүмкін. Халықаралық кофеханалар желісі тек төлемдердің жасалу тәртібіне ғана емес, іргелі банктердің бизнес-модельдеріне қалайша түбегейлі өзгеріс әкеле алады?

Бір сөзбен айтсақ, бұған себеп – технология. Қаржы саласы ескірген шығын жүйесіне, тиімсіз іс-әрекеттерге толы, ал қазіргі ірі банктер бұрыннан бар дәстүрді әрі қарай жалғастыра бергісі бар. Бірақ, технологиялық дамудың арқасында, ірі технологиялық компаниялар жақсы әріптес тауып, қаржы секторындағы табыс үшін бәсекеге түсе бастады.

Starbucks-тың мәні зор, себебі оның өте мықты тұтынушы бренді бар, оның үстіне 15 миллионға жуық адам Starbucks Rewards жүйесін қолданып, сол арқылы телефондағы қосымшаның көмегімен ақша жинайды. Бұл жүйе кредит картасына байланған, яғни Starbucks қосымшасындағы Rewards жүйесіне ақша жіберген адамнан біршама қаражат ұсталады. Басқа сауда мекемелері сияқты Starbucks сол төлемақыны өзі төлеп береді және бұл онша транспарентті емес. Есесіне, ол шығын бір стакан кофенің бағасына қосылады. (Анығын айтсақ: менің телефонымда Starbucks қосымшасы бар, әрі оны тұрақты түрде пайдаланамын).

https://prosyn.org/45CSFIkkk