2

Оңтүстік Африкада әралуандық дивидендін арттыру

КЕЙПТАУН - Осы жолы соңғы 15 жылда ОАР-ға менің бірінші сапарым болды, негізі жақсы әсер алсам да, мен бұл әдем елден бір түрлі аралас сезіммен кетіп бара жатырмын. Елдің экономикалық және саяси дамуының тұрақты процесі осында тұратын адамдарға, сондай-ақ, мен сияқты мүдделі байқаушыларға да болашақ туралы үміт және алаңдаушылық сезімдерін тудыртқандай.

Ширек ғасыр бұрын, Оңтүстік Африка Нельсон Манделаның «кешіреміз, бірақ ешқашан ұмытпаймыз» принципті көзқарасын қолдап, 50 жылға жуық тұншықтырған апартеидтен кезектен тыс көшуіне кірісті. Өзінің қара нәсілді көпшілігіне басқаруда дауыс берілген кезде, ол африкалық Ұлттық конгресін (АҰК) сайлады, артықшылықтары мол азшылықтың жеке мүлкін тәркілеу және мемлекеттендіруден аулақ болып, бұл ел репрессиялық, отарлық үстемдік нәтижесінде пайда болған басқа да көптеген Африка және басқа елдерден ерекшеленді.

Оның орнына, Мандела бастаған мемлекет ұзақ мерзімді бірлік пен әл-ауқат көзі ретінде елдің әртүрлілігінің әлеуетін байқап, тамаша инклюзивті тәсілді жүргізуге шешім қабылдады. Бұл модель кем дегенде, әлі өз билігін сақтап қалу үшін қорқыту тактикасын қолданып жүрген авторитарлық режимдер билеген Оңтүстік Африкадан тыс басқа да көптеген елдерге шабыт берді. Манделаның тәсілі ұйымдасқан түрде және инклюзивті ауысулар мүмкін екенін көрсетті, және бұрын түрмеге жабылған бостандық жақтаушылары заңды және тиімді үкімет қалыптастыру үшін өздерін өзгерте алатынын да көрсетті.

Алайда, Оңтүстік Африканың ауысу нәтижелері керемет емес. Бүгінде, жылдық ЖІӨ-нің өсуі өткен жылы әрең оң нәтижелі болып, жеткіліксіз дәрежеде инклюзивті және тым баяу даму орын алды. Елдің Джини коэффициенті табыс теңсіздігінің нашар деңгейін көрсететін, әлемдегі ең төмендердің бірі болып табылады; жұмыссыздық деңгейі  26,5% -ға тең және өте жоғары бола тұра, ең ауыр соққы жастарға тиеді; сонымен қатар тым көп адам апатты кедейлік циклінде қалған.