2

Оңтүстік Африкада әралуандық дивидендін арттыру

КЕЙПТАУН - Осы жолы соңғы 15 жылда ОАР-ға менің бірінші сапарым болды, негізі жақсы әсер алсам да, мен бұл әдем елден бір түрлі аралас сезіммен кетіп бара жатырмын. Елдің экономикалық және саяси дамуының тұрақты процесі осында тұратын адамдарға, сондай-ақ, мен сияқты мүдделі байқаушыларға да болашақ туралы үміт және алаңдаушылық сезімдерін тудыртқандай.

Ширек ғасыр бұрын, Оңтүстік Африка Нельсон Манделаның «кешіреміз, бірақ ешқашан ұмытпаймыз» принципті көзқарасын қолдап, 50 жылға жуық тұншықтырған апартеидтен кезектен тыс көшуіне кірісті. Өзінің қара нәсілді көпшілігіне басқаруда дауыс берілген кезде, ол африкалық Ұлттық конгресін (АҰК) сайлады, артықшылықтары мол азшылықтың жеке мүлкін тәркілеу және мемлекеттендіруден аулақ болып, бұл ел репрессиялық, отарлық үстемдік нәтижесінде пайда болған басқа да көптеген Африка және басқа елдерден ерекшеленді.

Оның орнына, Мандела бастаған мемлекет ұзақ мерзімді бірлік пен әл-ауқат көзі ретінде елдің әртүрлілігінің әлеуетін байқап, тамаша инклюзивті тәсілді жүргізуге шешім қабылдады. Бұл модель кем дегенде, әлі өз билігін сақтап қалу үшін қорқыту тактикасын қолданып жүрген авторитарлық режимдер билеген Оңтүстік Африкадан тыс басқа да көптеген елдерге шабыт берді. Манделаның тәсілі ұйымдасқан түрде және инклюзивті ауысулар мүмкін екенін көрсетті, және бұрын түрмеге жабылған бостандық жақтаушылары заңды және тиімді үкімет қалыптастыру үшін өздерін өзгерте алатынын да көрсетті.

Алайда, Оңтүстік Африканың ауысу нәтижелері керемет емес. Бүгінде, жылдық ЖІӨ-нің өсуі өткен жылы әрең оң нәтижелі болып, жеткіліксіз дәрежеде инклюзивті және тым баяу даму орын алды. Елдің Джини коэффициенті табыс теңсіздігінің нашар деңгейін көрсететін, әлемдегі ең төмендердің бірі болып табылады; жұмыссыздық деңгейі  26,5% -ға тең және өте жоғары бола тұра, ең ауыр соққы жастарға тиеді; сонымен қатар тым көп адам апатты кедейлік циклінде қалған.

Әлсіз басқару Мандела өзі жақсы көретін елі үшін көздеген қандай да бір мақсат, армандарына жетпеген, бұл өкінішті жағдайға сөзсіз өз үлесін қосты. Бұлардан басқа, мемлекет қоғамдық қаржыны дұрыс басқармады, және бұл жаңа экономикалық өсу моделінің ізденісін кідіртіп отыр. Сонымен қатар, соңғы жылдары құлдыраған тауар бағалары  экономиканың экономикалық және монетарлық қауіп-қатерлерін асқындыра түсті.

Ел өзінің әлеуетін айтарлықтай төмен дәрежеде асырып, тарихи теңсіздікті азайту үшін бағытталған «қара экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту» ынтасы зардап шеккен. Бірақ жақында түсініктірек және анығырақ  болған мемлекеттік сектор кемшіліктері осы жағдайдың бірде-бір себебі емес. Тағы  да бір, айқын көрінбейтін проблема әртүрлілікті сақтауды қамтамасыз ету үшін жеке кәсіпкерлердің өз күші жеткілікті тартымын алмағанында болып табылады.

Оңтүстік Африка компаниялары жалғыз осы салада күресіп жүрген жоқ. Шын мәнінде, бүкіл әлем бойынша бизнес қоғамдастық, соның ішінде Батыста да, әлі де, алуан түрлілік және инклюзивті бағдарламаларды табысты іске асыруды анықтауға тырысып жатыр,оның ішінде әлі де әйелдерге қатысты әділ емес болып жатқан ойын ережелерін теңестіру де бар.

Ғылыми зерттеулер инклюзияның бизнес үшін жақсы екенін көрсетті. Нәтижесінде, көптеген батыс компаниялары барлық деңгейлерде шешім қабылдау үдерісіне алуан түрлілікті енгізу олардың тұрақтылығын және ептілігін арттыруды дамытады деп есептейді. Бірақ олар әлі де, әйелдердің біліктілігі жеткілікті болып табылатын аға лауазымдарға салған жолында тап болатын құрылымдық және мінез-құлықтық кедергілерінен туындайтын саналық және бейсаналық соқыр дақтарды шешуде қиналып жатыр.

Гарвард университетінің Мазарин Банаджи көрсетіп өткендей, компаниялар әр түрлі себептерге байланысты соқыр дақтар және қате түсініктердің құрбаны болады. Бұл біздің миымыздың даму жолдары, балалық шақ әсерлері мен тәжірибелер, тарихи өзара қатынастар, және біз бейсаналық жолмен ақпаратты өңдеп және мәселелерді түсіндіру үшін пайдаланатын эвристикалық белгілерді қамтиды. Осы факторларға қарсы шара қабылдауда компаниялардан қате түсініктерді айқын көрсететін сананың жоғары деңгейі мен түсінікті сақтау жолдарын  анықтау талап етіледі.

Оңтүстік Африка компаниялары, әсіресе қаржы секторындағылар, бұдан былай тек сөз жүзінде инклюзияға қарай алмайды.  Олар инклюзивті, сіңірген еңбегіне негізделген мінез-құлықты ынталандыру мақсатында корпоративтік құрылымдарды өзгертіп, керек мінез-құлықты ынталандыруды жүзеге асыруы қажет болады. Басшылар мен аға басқару командалары операцияларын қайта жөндеп, әртүрліліктің бизнес жағдайында маңыздылығын әріптестерінің естеріне салып, және барлық нәсілдерден дарынды жеке тұлғаларын анықтап, оларды оқытып, және үйрету үшін әлдеқайда көбірек күш-жiгерiн жұмсауы тиіс. Атап айтқанда, олар, жеке және ұжымдық оқушыға негізделген кәсіптік бағдарламаларын ауқымын кеңейтіп, жұмыс өнімділігін өлшеу әдістерін жаңғыртып, және танымдық әртүрлілікті сақтау және ішкі мен сыртқы коммуникация саласындағы «супераддитивтілік» артықшылықтары туралы соңғы зерттеулерді қамтуын жандандыруы тиіс.

Біз, біздің барлық мінез-құлықтарымыз және шешімдер қабылдауымызға ықпал ететін ескірген әсерлер тәуекелінен сақ болуымыз керек. Мен Қаладағы Жалғыз Ойын атты соңғы кітабымда жазғанымдай: “Ешбір компания, ешқандай ел жынысына, нәсіліне, мәдениеті, жыныстық бағдары, мен перспективаларына қарамастан адам талантын қамтып және олардың мүмкіндіктерін кеңейтуді іске асыра алмаса,  ол өз әлеуетін де толықтай іске асыра алмайды”.

Оңтүстік Африка өзінің қиыншылықтарын еңсере алып және барған сайын белгісіз болған жаһандық экономикада өз әлеуетін толық іске асыруды қаласа, оған  тек жақсартылған экономикалық басқару жеткіліксіз болады. Саясаткерлердің қимылдарын күтіп отырғанша, Оңтүстік Африка бизнес өкілдері халықтың ауқымды сегменттерін қамтуы керек. Бұлай істеу уақыт өте өнімділік, бәсекеге қабілеттілік, және бизнес нәтижелерін жақсартуға ғана қол жеткізбей, сондай-ақ маргиналдану, шарасыздық, және шеттетумен ерген зорлық-зомбылықты азайтуға көмектеседі.