Serb ultranationalist leader Vojislav Seselj waves at supporters ANDREJ ISAKOVIC/AFP/Getty Images

Сөз бостандығының шегі қайда?

НЬЮ-ЙОРК – Мен ұзақ уақыттан бері тіпті өрескел пікір айтатындардың да сөз бостандығы құқығын қорғап келемін. Дегенмен, БҰҰ соты серб саясаткері Воислав Шешельді 1990-жылдардың басында бұрынғы Югославияда национализмді қоздырған сөздері үшін соғыс қылмысын жасады деп танып, он жылға бас бостандығын айыру туралы үкім шығарғанда, бұл шешімді құптадым.

Сөз бостандығы – адамның басты құқықтарының бірі. Сондықтан, 1977 жылы Америка Азаматтық бостандық одағының атқарушы директоры болғанымда өздерін “Америка нацистері” деп атайтын топтың Холокост азабын шеккендер көп тұратын Иллинойс штатының Скоки қаласында демонстрация өткізу туралы өтінішін қолдадым.

Ұзақ даудың соңы бірнеше сот ісіне ұласып, оның барлығында Азаматтық бостандық одағы жеңді. Сот аяқталған соң да ұзақ жылдар бойы пікірталас тудырған бұл күресте біреулер менің сөз бостандығын қорғау әрекеттерімді қолдаса, енді біреулер жиіркенішпен қарап жатты. Егер қазір осындай жағдай болса, мен дәл сол әрекеттерді қайталаған болар едім.

https://prosyn.org/e04jzO9kk