36

Ғаламдық капитализмді сақтап қалуға бола ма?

ЛОНДОН –Бүгінде экономикалық мазасыздану саясаты  Ұлыбритания және Америка Құрама Штаттарының электоратын популисттер жетегіне салды. Егер жиналған даналық басым болса, экономикалар неғұрлым «қалыпты» ЖІӨ-нің бағамына қайта оралып, өнімділік өсіміне жетуі мүмкін, және көптеген адамдардың өмір сүру жағдайы жақсарып, үкіметке қарсы көңіл-күй кетіп, саясат та «қалыпты»  жағдайға оралар еді . Содан кейін, капитализм, жаһандану және демократия өз жолдарын алға жалғастыра алады.

Тарихтағы әумесерлік кезең ретінде АҚШ-тың азаматтық соғысынан кейінгі жүз жылдай уақытты айтуға болады, ол кезде энергетика, электрлендіру, телекоммуникация және көлік секторларындағы серпілістер қоғамдарды түбегейлі өзгертті. Оның барысында адам өмірі айтарлықтай нәтижелі, жемісті болды, өмір сүру ұзақтығы күрт өсті. Әлемдік халық саны 1800 және 1900 жылдар арасында 50% -дан  астам өсті, ал содан кейінгі 50 жыл ішінде екі есе артты және экономикасы алдыңғы ғасырларға қарағанда әлдеқайда жылдам өсті.

1970 жылдың соңына қарай, көптеген дамыған батыс экономикаларының дамуы баяулана бастады, және АҚШ президенті Рональд Рейган мен Федералдық резерв жүйесінің басшысы Алан Гринспен әрекеттерді асырып, борыштық циклді ашты,  Бұған дейін әлемге таза кредитор болып келген АҚШ енді таза қарыз алушы болды және Американың өскелең сауда тапшылығынан басқа дамушы нарықтар мен Қытай пайда таба бастады. Қаржылық тұтқа жаһандық өсуді тағы 30 жыл бойы алға итеріп келді.

2008 жылдағы жаһандық дағдарыс қаржы инжинирингі дәуірін күрт тоқтатты. Бірақ саясаткерлер баяу дамуды көргісі келмеді, ал орталық банкирлер жеткіліксіз сұранысқа қарамастан экономикалық белсенділікті ынталандыруға тырысып, қолдана алатын барлық құралдарын тауысты. Дәстүрлі тиянақталған табысты активтерден аз пайда таба бастаған инвесторлар өтімсіз активтерге белсене қаржы сала бастады және олардың бағасы тез өсті; байлардың байлығы артып, ал орта класс одан әрі артта қалды. Іс жүзінде экономиканың тоқырауы жалғасып, ашулы популизм артып, оның нәтижесінде Brexit және жаңадан сайланған  Президент - Трамп орын алды.