jamal khashoggi OZAN KOSE/AFP/Getty Images

Сөз бостандығы үшін шейіт болған Хашогги

АММАН – Лондонда шығатын “әл-Араби әл-жәдид” күнделікті газеті жақында йорданиялық суретші Емад Хаджадждың карикатурасын жариялады. Онда ақ-қызыл түсті куфия киген бет-жүзі көрсетілмеген әлдекім қоңыр шапанын желпіп сиқырлы секіріс жасап жатыр. Оның бұл қозғылысынан ауада қағаздар қалқып жүр. Ал төменде ақ көйлек киіп, бірдеңеден ұстап аман қалу үшін қаламын тастай салған ер адамның қолы жоғары қарай шошайып тұр. Суретке түсіндірмеде “Сауд журналисі Жамал Хашоггидің жоғалуы” деп жазылған.

Карикатурада құрбанның аты аталғанымен, қылмыскер айтылмайды. Иә, арабтардың бәрі, бәлкім күллі жұрт Хашоггидің жоғалуына Сауд Арабиясының тақ ханзадасы Мұхаммед бин Салманның жауапты екенін біледі, әрине. Бірақ, белгілі карикатурашының кінәлінің бетін көрсетпеуі – араб әлеміндегі тәуелсіз журналистердің қаншалық үрейде екенін аңғартады. Хашоггидің жоғалуы олардың көңіліндегі алаңды үдете түсті.

Араб елдері ресми ұстанымды жақтаған журналистерге сый-сияпат беріп, Хашогги сияқты батылы жетіп, шындықты биліктің бетіне айтқандарды жазалауды бұрыннан әдетке айналдырған. Араб көктемі революциялары сәтсіз аяқталған соң (тек Тунистегі жағдайды сәтті деп айтуға болады) бүкіл аймақтың халқы радикал исламшыл режимдер мен әскери биліктің арасында қиын таңдау жасауға мәжбүр болып қалды. Демократиялық өзгеріске бағытталған әрекеттердің барлығы жүйелі түрде басып тасталды.

https://prosyn.org/fW1gTljkk