25

Тот басқан локомотивке қарай жол тарту

ЛОНДОН – Қытай өз валютасының құнсыздануына рұқсат сұраған жоқ, сондықтан Тайванмен хабарласуға Қытайдың маған рұқсаты керек емес деп бірнеше күн бұрын, АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter  арқылы хабарлады. Сол сәтте, Трамп жасаған сілкініс, Америка Құрама Штаттары үшін экономикалық жағынан тиімді болар деген менің үмітім азайды.

Мен дамыған экономикаларға, олардың 2008 жылдан кейінгі орын алған науқастық және жеңіл ақша-несие саясатына шамадан тыс тәуелділікті болдырмау үшін түрткі қажет деп санаймын. Трамптың сілкініс жасай алу бейімділігін ескерсек, ол бұл мақсат үшін жақсы кандидат болып көрінді. Бірақ, егер Трамп бүлдірулерінің шын мәнінде АҚШ-қа көмегі керек болса, ол жалпы және көбінесе жалған популистік жәй сөздердге емес, экономикалық маңызды жәйттерге көбірек көңіл бөлуі керек.

Оның Қытайға қарсы айыптарына қарағанда, ол жай ғана отқа май салып және өз жақтастарын жігерлендіру үшін жасап, сындарлы күн тәртібінін талқылап жатқан емес. Себебі, кез келген Қытайды бақылаушы, соның ішінде мен бұрын бірге жұмыс жасаған Трамптың кейбір өз кеңесшілері, елдің біраз уақыт бойы өз валютасын құнсыздандырмағанын біледі.

Иә, шынында қытай юані долларға қатысты жақында төмендеді, бірақ жапон йенасы, еуро, немесе британдық фунтпен салыстырғанда төмендеуі олар сияқты көп емес, және сол төмендеу АҚШ экономикасына сенім білдіру арқылы жүзеге асырылып отыр. Қандай жағдайда болмасын, Қытайда саудамен өлшенген айырбас бағамы саясаты бар, және ол долларға қатысты кейбір мақсатты деңгейде юанді ұстап қалуға негізделмеген.