khrushcheva146_ Russian Defense Ministry Press Service  HandoutAnadolu Agency via Getty Images_russia kazakhstan Russian Defense Ministry Press Service HandoutAnadolu Agency via Getty Images

Қазақстан және Ресей империясының құны

МӘСКЕУ – Ресей арнайы жасағына қарасты элиталық бригада десантшылары Кремльді жақтайтын режимге қарсы соңы бүлікке ұласқан жалпыхалықтық наразылықты басу үшін Қазақстанға келді. Бұл жағдай Ресей әскері Украина шекарасына шоғырланған кезге тұспа-тұс келіп отыр. Ал осыдан 15 ай бұрын ресейлік атқыштар бригадасы Таулы Қарабақтағы Әзірбайжан мен Армения қақтығысын тоқтатуға қатысқан. Президент Владимир Путин Ресей империясын қайта құрғысы келе ме?

Әрине, Кремль сфинксінің ойында не барын дөп басып айту қиын. Бірақ Путиннің ниеті қандай болса да, оның әрекеті 30 жыл бұрын Ресей Федерациясының құрылуына негіз болған идеяға қайшы келеді.

Қазір Ресейдің Совет одағы тарағаннан кейінгі алғашқы президенті Борис Ельциннің аты сирек аталады. Ельцин туралы сөз бола қалса, Ресей халқы оның ішімдікке құмар болғанын, нарықтық экономикаға өту кезінде елді қымбатшылық пен кедейлік жайлағанын еске алады. Бірақ көбі Ельциннің тарихи тұжырымдары туралы білмейтін сияқты.

To continue reading, register now.

As a registered user, you can enjoy more PS content every month – for free.

Register

or

Subscribe now for unlimited access to everything PS has to offer.

https://prosyn.org/pgWa5EUkk