krishnan3_NOEL CELISAFP via Getty Images_climate protest asia Noel Celis/AFP via Getty Images

Азияны климаттық өзгерістер қаупінен қалай құтқаруға болады?

ТОКИО – Азияның көп бөлігі  COVID-19 пандемиясын жақсы еңсеріп келе жатқанға ұқсайды. Бірақ қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы дағдарыс өңірдің алдында тұрған жалғыз мәселе емес. Климаттың өзгеруі мәселесіне келгенде, Азия әлемнің басқа бөлігімен салыстырғанда қиын жағдайда қалып отыр.

Жақында McKinsey ғаламдық институты 2020 жылдың басында жарияланған бүкіләлемдік зерттеугесүйене отырып, Азия елдерінің алдындағы қазіргі және алдағы 30 жылда болуы мүмкін климаттық қауіптердің ықтимал әсерін бағалап көрді. Сараптамада қауіпті климаттық өзгерістерге бейімділік пен 16 елдегі (Австралия, Бангладеш, Камбоджа, Қытай, Үндістан, Индонезия, Жапония, Лаос, Малайзия, Мьянма, Жаңа Зеландия, Пәкістан, Филлиппин, Таиланд, Вьетнам және Оңтүстік Корея) әлеуметтік-экономикалық салдар сияқты физикалық шектік мөлшерлемелерге қаншалықты таяп қалғанымызды көрсететін шағын мысалдар қамтылған.

Климатты зерттеуші ғалымдар көмірқышқыл газының ең төменгі (2.6) және жоғарғы (8.5) мөлшері арасындағы әртүрлі сценариді қолданады. Бірақ біз ары қарай декарбонизация шаралары жүрмеген жағдайда климаттың өзгеруі қандай қауіптерге әкеліп соғуы мүмкін екенін бағалау үшін көмірқышқыл газының ең жоғарғы концентрациясын (8.5) алдық. Нәтижесінде әлемнің басқа бөліктерімен салыстырғанда Азияның климаттық қауіптен нашар қорғалғаны белгілі болды. Мұны үш параметр бойынша түсіндіруге болады.

We hope you're enjoying Project Syndicate.

To continue reading, subscribe now.

Subscribe

or

Register for FREE to access two premium articles per month.

Register

https://prosyn.org/TQAWHNakk