A man walks past a display showing bank notes Anthony Wallace/AFP/Getty Images

Ғаламның экономикасы нағыз қауіп қайдан?

ВАШИНГТОН – Әлем нарықтарының қазіргі ең үлкен құпиясы – айнала төңіректің бәрі хаос пен қираудың алдында тұрса да олардың көзсіз энтузиазмды жоғалтпауы. Десе де, саяси тәуекелдерге келгенде инвесторлар әдеттегіден біршама рационалды әрекет етеді. Инвестиция дегеннің өзі болашақта ақша ағынынан пайда көру болса, демек бұл болжамға ненің әсер ететініне және әсер етпейтініне басты назар аудару керек. Бір қызығы – нарық ең жеңіл уақытты бастан кешіріп жатқан кезеңде ең ауыр да сұрапыл дағдарыстар болады.

Халықаралық ғаламдық институттардың біртіндеп өзгеруі бұдан әлдеқайда қауіпті, себебі бұл негізгі ойыншылардың қалай әрекет ететінін болжауға мүмкіндік бермейді. Мұндай өзгерістер баяу жүруі мүмкін, дегенмен олар тәуекелдер мен қайтарымдардың бағасын есептеуде түбегейлі бетбұрысқа апаруы ықтимал.

Бүгінгі нарықты фундаменталды факторлар бойынша түсіндіру оңай: табыс артып жпатыр, инфляция төмен деңгейде тұр, ал ғаламдық экономика баппен қанатын жайып келеді. Қазан айында Халықаралық валюта қоры жаңартылған ғаламдық болжамын жариялады, ол бойынша келер жылы тек бірнеше шағын ел ғана рецессияға ұшырайды. Негізгі елдердегі орталық банктер ақша-несие саясатын қатаңдатып жатыр, ал пайыздық мөлшерлеме төмен күйінде қалып отыр.

https://prosyn.org/DFr7oEEkk