Gazprom Headquarters Oleg Nikishin/Getty Images

Ресей қалайша әлі де батпай жатыр?

ВАШИНГТОН, Колумбия округы – Ресейдің экономикасының ұзақ мерзімді тұрақтылығы әлі де ашық мәселе болып қалуда. Тамыр-таныстық өркендеген Ресейдің мұнай кірістеріне тәуелділігі салдарынан ол мұнай бағасы төмен болған сайын зардап шегеді. Бірақ, Кеңес Одағының бізге үйреткеніндей, тұрақсыз жүйелер де көптеген жылдар бойы өмір сүре алады.

Бүгінгі Ресей жүйесі мен 1983 жылы Мәскеуде өмір сүрген кезімдегі кеңестік жүйені еске салады, ол кезде КГБ басшылығында, қатаң тәртіп жақтаушысы Юрий Андропов ( «Будапешт Қасапшысы») денсаулығы нашар болса да, әлі де билік еткен. Сол кездегі және қазіргі ұқсас экономикалық параметрлер ретінде, төмен мұнай бағасы, әлсіз экономикалық идеология, маңызды салалардың мемлекеттің меншігіне айналуы, сондай-ақ авторитарлық басқаруды атауға болады.

Бірақ бір елеулі айырмашылық ретінде бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жетік және құзыретті Ресейдің макроэкономикалық басқаруын апат өтуге болады. Ресейде, бітпейтін Батыс санкцияларына қарамастан, қаржыландыру тапшылығы қаупі жоқ. Бірақ оның тапшы ресурстары Кремльдің сыртқы саясат мүмкіндіктерін шектеп және орыс элитаның арасында шиеленісті асқындыруда.

https://prosyn.org/C7XXf9Wkk