Ksenia Sobchak Mladlen Antonov/Getty Images

Владимир Путин билігі әлсіреп жатыр ма?

МӘСКЕУ – 1984 жылы Михаил Горбачевтің билікке келуінің алдында, Мәскеуде КСРО қатып қалып, енді еш өзгеріс болмайтындай сезім орнады. Содан кейін бәрі кенет өзгеріп, қалтарыстағы трансформацияның ауқымын ашылды. Бүгінде Мәскеуде де осындай көңіл-күй орнап, президент Владимир Путиннің режимі орнықты, тіпті құлдырамайтындай көрінеді. Алайда, сол кездегі жағдай сияқты, мұқият қарасақ, мұнда да біраз осал жерлерді байқауға болады.

Ресей соңғы онжылдықта көптеген мәселелер бойынша артта қалып бара жатқандай. 90-шы жылдардың соңында Ресей бәрі рұқсат етілетін керемет бір еркін жер болды. Мәскеуде күнделікті 20 газет шығып тұрушы еді, ондағы айтылған пікір мен көзқарас либерализмнен Сталинизмге дейін түрлі болды. Бүгінгі күні ресейлік азаматтық қоғам қатты басылып, Мәскеуде теледидарды қоссаңыз, Кремль бақылауындағы 20 арнаны табуға болады.

1991 жылы Борис Ельцин өзінің алғашқы президенттік шешімі ретінде ескі КГБ-ны бірнеше ведомстволарға бөліп, қызметкерлер санының жартысын және бюджетті қысқартты. Бүгінгі күні КГБ-ның ізбасары, Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Ресейдің қауіпсіздік жүйесін толық бақылауға алды, және басқа құқық қорғау органдарындағы жоғары лауазымды генералдарды да қамады. Нәтижесінде Сталин кезінен бері ең мықты және Кремльден тәуелсіз бірыңғай қауіпсіздік ведомоствосы пайда болды.

https://prosyn.org/3XdDKG3kk