malmstrom3_EMMANUELDUNANDAFPGettyImages_malmstromspeakinghandstied Emmanuel Dunand/AFP/Getty Images

Азаптауға арналған құралдар саудасын шектеу

БРЮССЕЛЬ – Адам жанын азапқа салу орынды деп танылған жағдаят болған емес. Жігерді жасыту үшін жасалатын тән және ой-санаға көрсетілген кез-келген зәбір адам намысын аяққа таптау болып есептеледі. Зерттеу нәтижелерінің көрсеткіші бойынша, азаптау дегеніміз: алды – ақпарат жинаудың тиімсіз түрі, арты – жалған ақпаратқа ғана қол жеткізуге болатын пәтуасыз дүние.

Халықаралық заң аясында шектеу қойылғанына қарамастан, бүгінде азаптауды қолданудың өрісі кеңге жайылған. БҰҰ-ның Халықаралық Азап шеккен құрбандарды қолдау күні, яғни 26 маусымда, құрмет тұтудың ең дұрыс жолы – нақты әрекет етіп, азаптауды түп-тұқиянымен жою, немесе ең болмағанда жаһандық деңгейде тәжірибеге енуін тоқтату.  Ал бұл үрдістің халықаралық сауда қатынасынан басталғаны абзал.

Соңғы он жылда біршама елдер өлім жазасы мен адамгершілікке жат рақымсыз әрекет жасауды доғаруда. Десе де азаптаудың құралына айналған: бұрандалы шеге, қолкісен, аяқкісен, сал қылатын (семдіретін) орындықтар, тісті шоқпар, әр түрлі құрылғылар қабыстырылған қамшы түрлері осы уақытқа дейін емін-еркін шекара асып жүр. Бұл құралдардың адам денесіне зақым келтіріп, зардабын тигізуден басқа пайдасы жоқ. Соған қарамастан кәдімгі тауар ретінде әр елде сатылымда жүр.

https://prosyn.org/HdvlL7okk