A man accused of the attack on a journalist in Russia Mikhail Pochuyev/Getty Images

Журналистердің тағдыры жайлы ашық айтатын кез келді

АМСТЕРДАМ – Әлемнің бір түкпірінде орта есеппен әр бес күн сайын бір журналист кәсібіне бола кісі қолынан қаза табады. Он қазаның тоғызында ешкім жазаланбайды, бұл қылмыскерлерді одан сайын еркінсініп жібереді, олар қорқытумен, ұрып-соғумен шектелмеуге болатынын түсінеді. Бұрын-соңды қазіргідей көп журналист түрмеге қамалған емес. Оның үстіне, кәсіби қызметін атқарып жүрген журналистер көп қысым, қағажу көреді. Бұл күні журналистика әлемдегі ең қауіпті мамандыққа айналған.

The Year Ahead 2018

The world’s leading thinkers and policymakers examine what’s come apart in the past year, and anticipate what will define the year ahead.

Order now

Бұл проблемаларды шешудің бір жолы – ол туралы сөз ету. Соңғы кезде болған үш оқиға журналистің ақпарат берерде қандай қатерге баратынын анық көрсетеді, біз олардың басындағы ахуалды жазсақ қана оң өзгеріске жол ашуға болады.

Филиппинде орналасқан Rappler.com ақпараттық желісінің атқарушы директоры Мария Рессаны мысалға алайық. 2012 жылы құрылғаннан бастап ол президент Родриго Дутертенің «есірткімен күрес» науқаны аясындағы соттың шешімінсіз кісі өлтіру оқиғалары туралы мағлұмат беретін құнды ақпарат көзіне айналды. Белсенді жұмысы үшін Рессаны соңғы бір айдың ішінде 80 мәрте өлтіреміз деп қорқытқан. Қорқытқандардың көбі – президентке жақын адамдардың IP мекен-жайларынан хат жазған аноним блогшылар.

Конституция рұқсат бермесе де келесі мерзімге сайлауға түсуді ұйғарған Уганда президенті Йовери Мусевениге қарсы наразылық шаралары туралы репортаж жасаған журналист Уильям Нтегенің мысалын алайық. Полиция оны репортаждары үшін қатты соққыға жығып, он күннен астам уақыт түрмеде ұстаған.

Мьянмадағы сөз бостандығының ахуалын алайық. Елдің БАҚ туралы заңына енгізілген жаңа өзгерістер бойынша, адамдар бір жарияланымға наразы болса, онда өз аты-жөндері тікелей аталмаған болса да, ол ақпарат құралын сотқа бере алады. Билік басында Аун Сан Су Чжи бастаған Демократия жолындағы лига билікке келген 2016 жылғы ақпаннан бері халықаралық нормаларға өрескел қайшы келетін осы заң қабылданып, журналистерге қарсы 61 іс қозғалды.

Осы сияқты сөз бостандығы ережелерін бұзу фактілері Түркия, Ресей сияқты автократиялық мемлекеттер жиі қолданатын тактикаға айналды. Бірақ сөз бостандығымен тек деспоттар мен автократтар ғана күресіп жатқан жоқ. Колумбия мен Мексикада қылмыстық синдикаттардан қорғау үшін жүздеген журналист қарулы қорғауға алынды. Десе де, бұл жайт Латын Америкасындағы журналистерді кәсібінен бас тартуға мәжбүрлей қоймады. Мексикадағы есірткі бандаларының бір амалы – іздерін аңдып жүрген журналистердің балаларын қорқыту. Мексикадағы ақпарат құралдары санының неліктен азайып бара жатқаны түсінікті болар.  

Ақпараттарды тұтынушы халықтың бұл оқиғалар туралы көп біле бермеуінің бір себебі – менікі сияқты ұйымдардың көбі журналистерді ақпарат тақырыбы етуді құптамайды. Баспасөз бостандығын қорғау ұйымдарының фактіге сүйенетін, журналистік зерттеу жүргізетін тілшілерді қорғаудағы негізгі принципі – ақпарат құралы өкілін зорлық-зомбылықтан құтқару. Басқа журналистер сияқты біз де оқырман мен көрерменді «журналистика қауіпті болып бара жатыр» деп қорқыта бергенше, жұмысымызды тыныш атқара берейік деп шешкенбіз. Бірақ, ұстанымымызды өзгертіп, қауіп-қатерді анық көрсету керек деген ұйғарымға келдік.

Мәселен, журналистердің қауіпсіздігін қорғаумен айналысатын Free Press Unlimited қорының Reporters Respond тобы жалдаған адвокаттардың ерен еңбегінің арқасында Нтеге бостандыққа шықты. 2011 жылы құрылғалы бері бұл топ әлемнің түкпір-түкпіріндегі журналистерге көмек қолын созды. Соңғы рет олар Бурундидегі қарулы топтан қашқан журналистерге қол ұшын берді. Көптеген ұйымдар мен журналистер Таяу Шығыстағы, Шығыс Еуропадағы және басқа аймақтардағы тілшілерге қолғабыс етіп келеді. Репортаждардың тасасында қалып жатқан бұл жайттар туралы айтып отыруымыз керек.

Бұл оқиғалар туралы айту – мәселенің басы ғана. Сөз бостандығын қорғау ұйымдары сонымен бірге журналистердің қауіпсіздігін қорғап, оларға көмек беру үшін жұмыла, ынтымақтаса жұмыс істеуі керек. Сондықтан, мен басқаратын ұйым БҰҰ-ның «Журналистердің қауіпсіздігі және жазасыздық мәселесі жөніндегі» жоспарын жүзеге асыру жолында басқалармен бірлесе жұмыс істеп келеді. Сонымен бірге біз ілгері жылжу үшін сөз бостандығын қорғайтын басқа ұйымдармен тұрақты түрде кездесу өткізе бастадық. Оның үстіне біз журналистердің заңдармен және сол заңдарды орындау жолымен де қорғалуына көңіл бөле бастадық. Жазасыздықтың тамырына балта шабу үшін оларға шабуыл жасаушыларды жауапқа тартатын батыл прокурорлар мен судьялар керек.

Бірақ, басты өзгеріске БАҚ саласының өзі мұрындық болуы керек. Журналистердің қауіпсіздігі олардың жұмыс берушілеріне, фрилансерлерге, оқырман мен көрерменге тікелей әсер ететіндіктен, ақпарат құралдары бұл оқиғалар туралы айтып отыруы қажет. Баспасөзге шабуыл күшейген сайын бұрынғы әдіспен үнсіз қалудың енді еш реті жоқ. Журналистер өздеріне және әріптестеріне төнген қауіпті айту үшін өз платформаларын пайдаланатын болса, әлем жұртшылығы мұны тыңдауы керек.

Журналистерге жасалатын зорлық-зомбылық бұрындары бас тақырыптар қатарында айтылмайтын. Әлем жұртшылығы «Журналистерге қарсы жасалатын қылмыстарда жазасыздықты тыю күні» ретінде атап өтетін 2 қараша күні бұл оқиғаларды бас мақала күйінде бірінші бетке жариялайық.

http://prosyn.org/hFs1YKC/kk;

Handpicked to read next

  1. Patrick Kovarik/Getty Images

    The Summit of Climate Hopes

    Presidents, prime ministers, and policymakers gather in Paris today for the One Planet Summit. But with no senior US representative attending, is the 2015 Paris climate agreement still viable?

  2. Trump greets his supporters The Washington Post/Getty Images

    Populist Plutocracy and the Future of America

    • In the first year of his presidency, Donald Trump has consistently sold out the blue-collar, socially conservative whites who brought him to power, while pursuing policies to enrich his fellow plutocrats. 

    • Sooner or later, Trump's core supporters will wake up to this fact, so it is worth asking how far he might go to keep them on his side.
  3. Agents are bidding on at the auction of Leonardo da Vinci's 'Salvator Mundi' Eduardo Munoz Alvarez/Getty Images

    The Man Who Didn’t Save the World

    A Saudi prince has been revealed to be the buyer of Leonardo da Vinci's "Salvator Mundi," for which he spent $450.3 million. Had he given the money to the poor, as the subject of the painting instructed another rich man, he could have restored eyesight to nine million people, or enabled 13 million families to grow 50% more food.

  4.  An inside view of the 'AknRobotics' Anadolu Agency/Getty Images

    Two Myths About Automation

    While many people believe that technological progress and job destruction are accelerating dramatically, there is no evidence of either trend. In reality, total factor productivity, the best summary measure of the pace of technical change, has been stagnating since 2005 in the US and across the advanced-country world.

  5. A student shows a combo pictures of three dictators, Austrian born Hitler, Castro and Stalin with Viktor Orban Attila Kisbenedek/Getty Images

    The Hungarian Government’s Failed Campaign of Lies

    The Hungarian government has released the results of its "national consultation" on what it calls the "Soros Plan" to flood the country with Muslim migrants and refugees. But no such plan exists, only a taxpayer-funded propaganda campaign to help a corrupt administration deflect attention from its failure to fulfill Hungarians’ aspirations.

  6. Project Syndicate

    DEBATE: Should the Eurozone Impose Fiscal Union?

    French President Emmanuel Macron wants European leaders to appoint a eurozone finance minister as a way to ensure the single currency's long-term viability. But would it work, and, more fundamentally, is it necessary?

  7. The Year Ahead 2018

    The world’s leading thinkers and policymakers examine what’s come apart in the past year, and anticipate what will define the year ahead.

    Order now