aboujaoude1_ALFREDO ESTRELLAAFP via Getty Images_solarpanelworkers Alfredo Estrella/AFP via Getty Images

Әлем және пандемиядан кейінгі өзгеріс

ЛОНДОН – COVID-19 індетінің экономикаға қалай әсер еткеніне толық баға беру үшін уақыт керек. Дегенмен пандемия зардабының кейбір тұсы бүгінде айқын, оған дәлел ретінде әлемдегі жұмыс күші дағдарысының басталуын айтуға болады. Климат өзгерісінің де дәл осылай әлемдегі жұмысшылардың әлсіз тобына тигізер зардабы көп екенін ескерсек, әділет пен тұрақтылыққа негізделген дағдарысқа қарсы кешендік әрекет ету қажеттілігін бағамдау қиынға соғады.

Сандармен берілген статистика адам шошытарлық. Халықаралық еңбек ұйымының ескертуінше, экономиканың бейресми секторында 1,6 млрд жұмысшы бар. Яғни, әлемдік жұмыс күшінің тең жартысы дерлігіне «өмір сүруге қажет қаржы таба алмай қалу қаупі төніп тұр». Африка одағының хабарлауынша, бір Африканың өзінде экономиканың ресми және бейресми секторындағы 20 млн-ға жуық жұмыс орны жабылудың аз-ақ алдында. New York Times-тың бағалауына сәйкес АҚШ-тағы жұмыссыздықтың ресми деңгейі 13,3%-ды құрайды және ол бұған дейін соғыстан соң болатын рецессия көрсеткішінен асып түсті. Ал шын мәнісіндегі жұмыссыздық 27%-ға жақындап қалды.

Әлбетте, барлық мемлекет COVID-19 індетінің кесірінен туындайтын қиындықтардан жұмысшыларын қорғау үшін күш салуы керек.  Бірақ қажетті шаралар қазіргі дағдарыспен салыстырғанда экономика мен жұмысшыларды күшті етуге бағытталса, әр мемлекет билігі 2015 жылғы климат жөніндегі Париж келісімінде қарастырылатын мақсаттар мен жоспарда көрсетілген «әділетті өзгеріс» идеясын да дамытуы керек. Бұл дегеніміз жай ғана тұрақты даму моделіне өту ғана емес, аталған процесс барысында жұмысшылардың құқығы мен өмір сүруге қажет қаржыны қорғау болып табылады.

We hope you're enjoying Project Syndicate.

To continue reading, subscribe now.

Subscribe

or

Register for FREE to access two premium articles per month.

Register

https://prosyn.org/RZrWy5gkk