dixon1_ Polly ThomasGetty Images_old man Polly Thomas/Getty Images

Пандемиядағы "көрінбейтіндер"

Лондон / Париж – COVID-19 пандемиясы институттарға деген сенімнің осы кезге дейінгі ең төмен деңгейге жетуімен басталды. Саяси жағдай ушығып, ал әлеуметтік бірлік әлсіреген еді. Сондықтан да мемлекеттер үй шаруашылықтары мен кәсіпорындарға орасан зор ресурстарды бағыттауға тырысуда, сол сияқты олар денсаулық сақтаудың дағдарыс жағдайы мен экономикалық зардаптар айқын түрде бірдей орын алған жергілікті қауымдастықтарды елемей кетпеуі тиіс.

Үлкен жиырмалық G20 көшбасшылары осы аптада COVID-19-ға жауап беру жолдарын ақылдасу үшін онлайн жиын өткізетіндігіне қарағанда, алдағы айларда әлемдік ЖІӨ құлдырауы 2008 жылғы Ұлы Рецессия кезіндегіден де асып түседі деп күтілуде. Сол кездегі құлдырауға әкелген жаһандық қаржы дағдарысынан айырмашылығы бұл пандемия бүкіл әлем бойынша экономиканың тұтас секторларын жабуға итермелеуде. Бізде мұндай соншалық көп экономиканың көптеген секторлары кенеттен бір уақытта тоқтаған прецедент болмаған.

Ұлы Рецессияға ішкі реакциялар тиімді болмады. Құтқару көмегі қаржы мекемелері мен қалалық орталықтарды тұрақтандырып, ауылдық және жартылай ауылды аудандардағы  миллиондаған адамдарды елеусіз қалдырды. Қаталдық пен автоматтандыру ауылды аудандардағы қауымның өмірін жақсарту перспективаларын жоққа шығарғандықтан, халық арасында әділетсіздік сезімі орнады. Популисттер бұл ренішті қарапайым азаматтарды мигранттарға, босқындарға, бұқаралық ақпарат құралдарына, "истеблишментке" және барлық типтегі сарапшыларға қарсы қойып өз пайдасына пайдаланды.

https://prosyn.org/jSwwBdfkk