Farage Niklas Halle'n/Stringer

Еуропаны интеграциялаудың бір жолы

ЛОНДОН – Өткен жыл ғаламда жік салған оқиғаларға толы болды. АҚШ-тағы президент сайлауында Дональд Трамптың жеңгенін былай қойғанда, Ұлыбритания Еуропа одағынан шығуды жақтап дауыс беріп, соның кесірінен одақтың осал тұстары айқын көрінді. Бірақ, Брекзит – одақ құрдымға кетті деген сөз емес. Керісінше, бұл – Еуроодақтың проблемаларын шешу жолындағы ұйқыашар қоңырау болды.

Осыны есіне ұстаған Еуропадағы кей басшылар одаққа мүше елдерді «Еуроодақты толық құруға» үндей бастады. Олардың айтуынша, Ұлыбритания болмаса, интеграция жеңілірек жүреді, себебі қалған мүшелер шамамен біртекті болып келеді және Британия қарсы болады-ау деген жерлерде бір тоқтамға келе алады.

Мұндай қадамдардың бірі әрі еуро дағдарысы басталғалы басты көңіл бөлініп отырған жайт – банк одағы. Бұл бағытта үлкен шаруа тындырылғанымен, Еуропадағы банк саласындағы интеграцияның кемеліне келер кезі әлі алыс. Әлі аяқталмаған шаруалардың қатарына депозитті сақтандыру схемасы, қауіпсіз суверенді активтердің траншын немесе жалпы еуроаймақта тәуекелсіз құнды қағаздар құру мәселелері жатады.

To continue reading, please log in or enter your email address.

Registration is quick and easy and requires only your email address. If you already have an account with us, please log in. Or subscribe now for unlimited access.

required

Log in

http://prosyn.org/uubRYLf/kk;