sanchez2_Artur WidakNurPhoto via Getty Images_unflag Artur Widak/NurPhoto via Getty Images

Көпжақтылық принципін қайта жаңғырту

МАДРИД – Былтыр Біріккен ұлттар ұйымы 193 мемлекеттен келген миллионнан астам адамның басын қосып, бүкіләлемдік кеңес өткізді. Жиыннан кейінгі пікірлер бірқатар маңызды фактілердің бетін ашты. Биыл БҰҰ-ның Бас ассамблеясы бұл пікірлерге ережелерге негізделген көпжақтылық принципіне қолдау көрсету арқылы жауап бермек.

Біріншіден, бүкіләлемдік кеңес ерлер мен әйелдердің, қыздар мен ұлдардың арманы мен үміті ұқсас екенін көрсетті. Адамдар медициналық қызмет, санитария мен білімге қолжетімділік артса деп армандайды. Олар пандемиядан мейлінше көп зардап шеккен  адамдар мен кедейлікте тұратын халыққа қолдау көрсетілгенін қалайды. Респонденттердің көбі климаттың өзгеруі мен биоалуандылықтың жойылуы мәселесіне алаңдайды. Жиынға қатысушылардың 90% қазіргі мәселелерді шешу үшін ғаламдық ынтымақтастық керегін айтса, көбі пандемия бүкіләлемдік әріптестіктің маңызын арттыра түсті деп есептейді. Әсіресе, бүкіл әлем жастарының халықаралық әріптестікті нығайтуға мүдделі екені ерекше үміт сыйлайды.

Былтырғы кеңес әлем елдерін әрекетке көшуге шақырған жиын болды. БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гуттериш бір жыл бұрын ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары қабылдаған, БҰҰ75 саяси декларациясына негізделген «Біздің ортақ күнтәртібіміз» деп аталатын іс-қимыл жоспарын жариялады. Жаңа күнтәртібінде бүгінгі және ертеңгі мәселелерді шешу жоспары қамтылған.

https://prosyn.org/jVy2zUtkk