6

Еуроодақтағы мафия-мемлекет

БУДАПЕШТ – Коммунизм күйреген соң Орталық және Шығыс Еуропадағы елдерің көбі бұл аймақ либерал-демократияға қарай тұрақты түрде қадам басады, бұл мақсатқа жетер жолдағы кездергілердің барлығын жеңеміз деп үміттенді. Алайда, бұрынғы коммунистік елдердің көбінде жең ұшынан жалғасу, жемқорлық сияқты ескі жүйелер сақталып қалып, жаңа формаға ие болды. Біздің өтпелі деп ойлағанымыз тұрақты құбылысқа айналды.

Виктор Орбан премьер-министр болған жеті жылдың ішінде мафия мемлекетке арналған Венгрияны алып қарайық. Алдымен либерал-демократияны бетке ұстап, Еуропа одағына қосылып, содан соң бірден автократияға бұрылған Венгриянікі ерекше жол болды. Ресей, Әзербайжан сияқты басқа да мафия-мемлекеттер мен Орталық Азиядағы бұрынғы совет республикаларының біразы олигархияның қанат жаюы кезеңінен өтті немесе коммунистік диктатурадан бірден қылмыстық мекемелерге айналды.  

Бұл елдерде мемлекетті олигархтар мен ұйымдасқан қылмыстық топтар басып алған жоқ, керісінше, элитаның ұйымдасқан «жоғарғы тобы» экономиканы, соның ішінде олигархтардың өздерін жаулап алды. Салдары – қылмыстық топ пен жекешеленген, паразиттік мемлекеттің қоспасы.

Посткоммунистік автократияларды зерттеген сараптамалардың көбі мемлекетті құруға негіз болған саяси институттар мен идеологияларға көп мән береді. Бұл режимдер популистік ұрандар тастағанымен, идеологияға сүйенбейді. Олардың басты мұраты – қандай жолмен болса да билік пен байлықты басшының қолына шоғырландыру.

Қазіргі мафия-мемлекеттерде заңды институттар емес, режим құрған бейресми механизмдердің көмегімен басты шешімдер қабылданады. Құрылымы мен мәдениеті жағынан бұл тәртіп бала асыраған отбасына ұқсайды: режим саяси және экономикалық элиталарды жүйелі түрде алмастырып отырады. 

Демократиялық елде бұл элиталар автономды ойыншылар болар еді. Ал мафия-мемлекеттерде олардың билігі көбіне корпоративті рейдерлік пен алым жинауды көздейтін патрон мен клиент арасындағы тәуелділікке айналады. Тек мафияда қолданылатын физикалық күштеудің орнына мемлекеттік органдар бақылайтын, қантөгіссіз, «заңды» мәжбүрлеу пайдаланылады. 

Шынтуайтында Еуроодаққа қосылған Румыния, Болгария сияқты басқа посткоммунистік елдерде де жемқорлық бар. Бірақ бұл елдерде пропорционалдық сайлау жүйесі жұмыс істейтіндіктен және атқарушы билік бөлек болғандықтан, орталықтандырылған «қадағалау» жүйесі қалыптаспаған.

Орбан - Польшаның де-факто идеологиялық лидері Ярослав Качиньский сияқты емес, арсыз адам. Идеологиялық ұқсастықтарына қарамастан, Орбанның Венгрияда құрғалы жатқан автократиялық мемлекеті Качинскийдікінен әлдеқайда өзгеше.

Орбан режимі асырап алған саяси отбасына сүйеніп, заңды институттардан тысқары жұмыс істеп жатса, Качиньский билігін күшейту идеологиясына сүйеніп, консервативтік-автократиялық эксперимент жасап жатыр.

Венгрияда 2010 жылы болған парламент сайлауында Орбанның Fidesz сайлаушылардың 53 пайызының қолдауына ие болып, Ұлттық ассамблеядағы 386 орынның 263-ін иеленді.  Орбан осы ерекше қолдауды пайдаланып, конституцияға өзгеріс енгізді, өзінің билігін тексеріп отыруға тиіс демократиялық институттарға өз адамдарын тағайындады, өз билігін нығайту үшін сайлау заңдарын бұрмалады. 2014 жылғы парламент сайлауында биліктегі басты орнын сақтап қалу үшін Fidesz партиясына 44 пайыз дауыс жеткілікті болды.

Орбанның мафия-мемлекетін қирату қиын болады. Ресей президенті Владимир Путиндікіне ұқсас пирамидалық «бақылау» құрылымын бұзу мүмкін емес сияқты. Мәселен, Украинада алдымен Леонид Кучманың, одан соң Виктор Януковичтің мұндай жүйені құруына тосқауыл қою үшін екі бірдей революция қажет болды (үшіншісі де жақындап қалды ма, ол жағын әлі көре жатармыз).

Орбанды сайлаудың көмегімен биліктен кетіру мүмкін емес, себебі ол Венгриядағы сайлауды бұрмалай алады. Fidesz сот жүйесіне бақылау орнатып, құқық органдарын саясиландырып жіберді, қазір Бас прокуратура партияның бір бөлімшесі іспетті болып қалды. Оның үстіне, қазір газеттер мен радиостансалардың көбі Орбанға жақын олигархтардың бақылауында тұр, ал мемлекеттік телеарна үкіметтің үгіт-насихат жүргізетін құралға айналды.

Венгрияда Еуроодақ қалыптастырған ортақ құндылықтардың қадірі қашты. Бұған жауап ретінде Еуроодақ Еуропа Адам құқықтары сотына «Венгрия одақ ережелерін бұзды» деп шағымдана алады, немесе Еуропалық деңгейдегі прокурор Еуроодақ қаржысын өз мақсатына пайдаланбады деп Венгрияға қарсы азаматтық немесе қылмыстық іс қозғата алады.

Бірақ әзірге Еуроодақ Орбанға қарсы салмақты жазалау шараларын қолға алмай отыр, себебі олар Венгрияны одан сайын Ресейдің қолтығына қарай ысырғысы келмейді. Оның үстіне, Еуроодақтың «көп жылданмдықты Еуропа» бастамасыз үнсіз мақұлдауынан оның шығыс шекарада жартылай автократтардан тұратын буфер аймақ қалыптастыруға әзір екендігін байқаймыз.

Яғни, Орбан қазір Орбан өзі мақтанышпен «иллиберал-демократия» деп атайтын «шығыстағы ерекше жаңалықтың» бастаушысы болып отыр. Оның Еуроодаққа қатысты стратегиясы бопсаға парапар. Ол Еуроодақтан қаржыны еш шектеусіз бөліп отыруды талап етіп, егер айтқаны болмаса Ресейдің құшағына құлайтынын айтып отыр.

Венгер жазушысы Миклош Хараштидің айтқанындай, Венгрия қазір «шығыстан соққан самалмен жылжып бара жатқан Батыс кемесіне» ұқсайды. Заң үстемдігінің орнын биліктің өктемдігі басқанын ескерсек, Венгрияның демократиялық кемесі жүзіп бара жатқанға ұқсайды.