Whatsapp messenger Anton Vergun/Getty Images

Интернеттегі еркіндікті қалай өлшейміз?

РИМ – Былтыр Эфиопиядағы саяси қарсылық кезінде үкімет 15-тен аса веб-сайт пен WhatsApp смартфонмен хабар алмасу қосымшасына тосқауыл қойды. Пікір еркіндігін және ЛГБТ құқықтарын қорғайтын, цензура тосқауылын айналып өтуге мүмкіндік беретін Tor және Psiphonсияқты құралдарға да шектеу жасалды.

Мұның барлығы желілерді өлшеп, Интернетке қойылған цензураны бақылау үшін ойлап табылған оонипроб (ooniprobe) деп аталатын компьютерлік бағдарламаның көмегімен анықталды. Оонипроб-ты Tor-дың қолдауына сүйенетін Желіге тосқауыл қоюдың ашық обсерваториясы (Open Observatory of Network Interference (OONI)) деп аталатын ұйым осыдан бес жыл бұрын жасаған. Мен де осында жұмыс істеймін. Оның басты мақсаты – транспаренттілікті, есептілікті арттыру, Интернетке қойылған цензураны бақылау. Бұл – ашық қолданылатын тегін бағдарлама, яғни оны әркім пайдалана алады деген сөз. Әлемнің 190-нан астам елінде ондаған мың адам оны пайдаланып та жүр.

Бұл қолданушылар желілерді саралап, миллиондаған материал әзірлеген, олардың барлығы Интернетке қойылған цензура туралы қалың бұқара қолдана алатын ең ірі ресурс - OONI Explorer-де жарияланды. Олардың оонипробты қолдануының арқасында біз былтырғы Эфиопиядағы цензураның ауқымын анықтай алдық, сондай-ақ, әлемнің басқа бөліктеріндегі цензура туралы мәлімет жинадық.

https://prosyn.org/xfd640tkk