Vladimir Lenin, Russian Bolshevik leader Heritage Images/Getty Images

Қазан революциясы және Ресейдегі екі тарих

МӘСКЕУ – Ресейде ресми тарих (мемлекеттің түсіндіруі) пен оған қарсы тарихтың (азаматтық қоғамның түсіндіруі және халықтың жады) арасында текетірес жүріп жатыр. Биыл Қазан революциясының жүз жылдығы болатындықтан, бұл қалың бұқараның мәселесіне айналатын түрі бар.

Президент Владимир Путин – кеңестік кезеңге деген емес, мемлекетті қасиетті санайтын мезгілге деген сағыныштың бір үлгісі, онда үкімет, қазіргі тілмен айтқанда, «фейк жаңалықтардың» арқасында діттегеніне жетіп отырған. Шындығында, Қазан революциясын ешқандай екіұшты сезімсіз еске алады. «Революция» деген сөздің өзіне қазіргі Ресей элитасы жиіркенішпен қарайды, себебі оның алдына Путин режимінің суқаны сүймейтін «қызғылт-сары» не «түрлі түсті» деген эпитеттерді қосу дәстүрге айналған. Бір жағынан революция – Ресей тарихының маңызды бөлігі, сондықтан ол ұлттық бірегейліктің бір бөлігі.

Коммунистік партия үшін бұл мерейтой – өздерін үлкен де берік антикапиталистік дәстүрдің мұрагері етіп көрсетіп қалу мүмкіндігі, дегенмен бұлар маркстік-лениндік ілім мен Ресей православ шіркеуінің ілімдерін қатар оқытады. Бірақ Коммунистік партия қазір билікте емес, ал биліктегілерге бұл мерейтойға бірізді көзқарасты ұсыну өте қиын.

https://prosyn.org/zPxCsqgkk