Putinhorsemencrop4 Molina / Apologies to Vasnetsov

Путин және апокалипсис

АТЛАНТА – Өткен жылдың соңында Ресей Президенті Владимир Путин ядролық қуаты күшті «жеңілмейтін» жаңа гипердыбысты зымыраны «Авангардты» сынақтан өткізудің аяқталғанын және оны еліне жаңа жылдық сыйлық ретінде тарту ететінін мәлімдеді. Путин жиі сөз болып жүрген ақырзаманның жақындағанын растауда десек, онда әлем ядролық соғысқа дайын болуы қажет пе?

Өткен жылы Путин соңғы он жылда батыс көшбасшыларының аузынан сирек шыққан «ядролық апокалипсис» туралы жиі сөз қылды. Бұған қарап, кейбіреулер ол НАТО мен АҚШ-қа сес көрсетіп жүр деген болжам жасады. Алайда Путин ахуалдың апатты жағдайға дейін ушығуына батысты кінәлап, кек алу мақсатында ядролық қаруды қолдануы ықтимал екенін айтты.

Мәселен, өткен наурыздағы Федералдық мәжілісте сөйлеген сөзінде Путин «соңғы 15 жылда қарулануда алдына жан салмай, Ресейге қарсы біржақты басымдық танытып», Ресейдің дамуы мен қарулы күштерін «тізгіндеу үшін» заңсыз санкция енгізгендерді атап өтті. «Олар бәрімізге мекен болған жер деп аталатын кемені шайқауды тоқтатуы қажет» деп кесіп айтты.

To continue reading, register now.

Subscribe now for unlimited access to everything PS has to offer.

Subscribe

As a registered user, you can enjoy more PS content every month – for free.

Register

https://prosyn.org/sHmbA4Qkk