UK, London, Paddington, St Marys Hospital Universal Images Group via Getty Images

Еуроны құтқаруға бола ма?

НЬЮ-ЙОРК – Еуро жаңа дағдарыстың алдында тұрған тәрізді. Еуроаймақтың үшінші ірі экономикасы – Италия, жұмсартып айтсақ, Еуроскептик үкіметті таңдады. Бұл ешкімді таңқалдыра қоймас. Италияның реакциясы – валюталық реттеудегі олқылықтың көптен күткен (болжанған) салдары. Мұнда басты күш – Германия қажет реформаларға тұсау салып, бұрыннан бар проблемаларды одан сайын ушықтыратын саясат қолданып, отқа май құйып келе жатқан сияқты.

Еуро енгізілгелі Италияның жағдайы оңалмады. Оның 2016 жылғы шынайы ЖІӨ-сі (инфляцияны ескергендегі) 2001 жылғымен бірдей болды. Дегенмен, бүкіл еуроаймақтың жағдайы мәз болған жоқ. 2008 жылдан 2016 жылғы дейін ЖІӨ тек 3 пайызға өсті. Еуро айналымға енгізілген 2000 жылы АҚШ экономикасы еуроаймақтікінен тек 13 пайызға үлкен болса, 2016 жылы ол 26 пайызға ұлғайып кетті.  2017 жылы шамамен 2.4 пайызға өскен (бұл он жыл бойғы дімкәстіктің салдарын жоюға жекіліксіз) еуроаймақ қайта кібіртіктей бастады.

Егер бір елдің жағдайы нашар болса, ол басқаларды кінәлайды, ал бәрінікі нашар болса, онда жүйені кінәлайды. “Еуро: ортақ валюта Еуропаның болашағына қалай қатер төндіреді?” деген кітабымда айтқанымдай, еуро – құрдымға кететін жүйе. Ол басты реттеу механизмдерін (пайыздық мөлшерлеме мен айырбас бағамын) үкіметтердің қолынан алып қойды. Және елдердегі түрлі проблемаларды шешетін жаңа институттарды құрудың орнына олар дефицит, қарыз және тіпті құрылымдық саясат сияқты өзін-өзі ақтамаған экономикалық және саяси теорияларға негізделген жаңа құрылымдар енгізді.

https://prosyn.org/H9vw0EHkk