borchardt6_Chip SomodevillaGetty Images_journalists Chip Somodevilla/Getty Images

Технологияны пайдалану журналистикаға қандай қауіп төндіреді?

ОКСФОРД – Технология әлемнің ең басты проблемаларының бірі – жұртты түгел интернетпен қамту мәселесін шешуге тиіс болған. Бір кездері мұның соңынан демократия да орнайды деген пікір бар еді. Жеткілікті мәлімет жинасақ, барлық сұрақтарымызға жауап табылады. Барлығын интернетке салсаң, басқасын алгоритм жасап береді. Әлем өз бетімен-ақ жұмыс істейді.

Алайда, қазір біз цифрлық технологияның керісінше демократияға кесірін тигізіп жатқанын, оның жауаптан гөрі көп сұрақ туғызып, өз бетімен жұмыс істейді деген әлем ізгі мақсаттан гөрі Оруэлдың қорқынышты сценарийлеріне ұқсап бара жатқанын байқадық. Дегенмен, технология – мәселенің шешімі болмағанымен, ол проблема да емес, ол – біздің біржақты көзқарасымыздың көрінісі.

Соңғы онжылдықта цифрлық революция жетекші бизнес-модельдерге зарар келтірген медиаиндурстрияның тәжірибесіне назар аударыңыз. Газет шығарушылар мен редакторлар толығымен технологияға арқа сүйеді: саналуан өлшемдерге сүйенді, дата журналистиканы қолданды, видеоөнім жасайтын топтар құрып, подкаст студиялар ашты.

https://prosyn.org/274i00xkk