Skip to main content

Cookies and Privacy

We use cookies to improve your experience on our website. To find out more, read our updated Cookie policy, Privacy policy and Terms & Conditions

james161_Peter MacdiarmidGetty Images_capitalismgrimreaper Peter Macdiarmid/Getty Images

Жаңа Антикапитализм

ПРИНСТОН – қазіргі уақытта біз адамзат тарихындағы ең драмалық технологиялық және экономикалық трансформацияны бастан өткеріп  жатырмыз. Біз сондай-ақ бүкіл әлемде капитализмге қолдау көрсетудің төмендегенін байқаймыз. Бұл екі үрдістің байланысы бар ма, егер иә болса, қалай?

Капитализмнің белең алып келе жатқан танымалдылығын жоғалтуы Луддизм сиптомы - ол Өнеркәсіптік Революцияның басында қолөнершілерді жұмыс орындарын тартып алу қаупін төндірген машиналарды бұзып-қиратуға жетелеген импульс болып табылады. Бірақ бұл түсініктеме капитализмге қарсы бүгінгі қозғалыстың барлық қиындықтарын көрсетпейді, оны жазатайым жұмысшылар емес, интеллектуалдар мен саясаткерлер жүргізуде.

Қазіргі антикапиталистік толқын еркін нарықтық неолиберализм және жаһандану барлық жерде дерлік жоққа шығарылған кезде келеді. Неолиберализм оппозициясы бастапқыда солшылдардан шыққан, бірақ ол - бәлкім одан да жігерлі және зұлым - популистік оңшылдармен жалғастырылып әкетті.

Қалай болғанда да, Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тереза Мэй 2016 жылы космополиттерді, яни "әлем азаматтарын", "еш жердің азаматы емес" деп айтқан сөзінде ескі стильдегі соғыс аралық дәуірдегі антикапиталистік көңіл-күйдің болғанын білдірді.  Немесе оның мұрагері , Ұлыбританияның қазіргі премьер-министрі Борис Джонсон хабарлағандай: "Бизнес шегіне қарай". Осыған ұқсас, Құрама Штаттарда Fox News жетекшісі Такер  Карлсон Трамп билігінің капитализмге қарсы ұзақ уақыт  пафосты бос сөздеріне қаратып, "олар - жалдамалы қызметкерлер басқаратын халық алдындағы ұзақ мерзімді міндеттемелерді сезінбейді" және "тіпті біздің мәселелерімізді түсінуге тырыспайды” деп шағымданады.

Жаңа қалыптасқан жағдайдың ішінара түсіндірмесі оның қаржылық тұрақсыздыққа деген күтілген реакциясы болып табылады. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ақша-несие жағдайы әділетсіз болып көрінді және қорқынышты реакция тудырғаны сияқты 2008 жылғы қаржы дағдарысы жүйенің бұрмаланғаны туралы кең таралған пікірді қуаттай түсті. Үкімет пен орталық банктер бүкіл әлемдік қаржы жүйесінің күйреуіне және Ұлы Депрессияның қайталануына жол бермеу үшін ірі қаржы мекемелерін құтқару үшін жан таласып жатқанда, өз үйлері мен жұмысын жоғалтқан миллиондаған адамдарды тағдырдың тәлкегіне тасталды.

Бір қаржы дағдарысы антикапиталистік көңіл-күйдің тұқымын себуге жеткілікті болды. Бірақ бұл сондай-ақ әлдеқайда кең технологиялық және әлеуметтік трансформациямен сәйкес келді. Смартфондар  сияқты инновациялар - iPhone 2007 жылы ұсынылды – және жаңа интернет-платформалар адамдардың байланысатын және бизнес жүргізетін тәсілін түбегейлі өзгертті. Басым жағдайларда бизнесті жүргізудің жаңа тәсілі капитализмге қарама-қарсы, өйткені ол ашық емес төлемдер мен асимметриялық немесе екі жақты нарықтарға негізделген. Енді біз жеке ақпаратымызды "сату" арқылы қызметтер аламыз. Бірақ біз шын мәнінде нарықтық мәмілеге қатысатынымызды білмейміз, өйткені біз көре алатын тағайындалған бағасы жоқ: біз төлейтін баға - бұл біздің құпиялылық пен жеке автономия.

Subscribe now
Bundle2020_web

Subscribe now

Subscribe today and get unlimited access to OnPoint, the Big Picture, the PS archive of more than 14,000 commentaries, and our annual magazine, for less than $2 a week.

SUBSCRIBE

Сонымен қатар нөлдік сомамен ойлау экономикалық талдаудың басым формасына айналды. Бұл да қаржылық дағдарыстан тамыр алатыны анық. Бірақ бұған сондай-ақ жаңа ақпараттық технологиялар (АT) ықпал етті, жеңімпаз бәріне ие болатын нарықтағы желілік әсерлердің күші арқасында  - әсіресе платформалар экономикасының және жасанды интеллекттің (ЖИ дамуына қатысты. Көп адамдар желіде болған сайын, ол әрбір пайдаланушы үшін құнды болады, және нарықтағы кез келген екінші ойыншы үшін соғұрлым аз орын қалады. Avis-тің 1962 жылғы танымал жарнамасына сәйкес, " Сіз тек   № 2 болсаңыз, сіз көбірек тырысыңыз. Бірақ қазір, егер сен № 2 болсаң, онда бәрі бітті. Сен жеңілдің.

Сонымен қатар, жаңа АТ-және ЖИ-капитализм ерекше географияға ие. Ол АҚШ пен Қытайда қалыптасқан, бірақ қытайлықтар 2030 жылға қарай басымдыққа қол жеткізуге тырысуда. Капитализм әрқашан геосаяси өзгерістердің қозғаушы күші болды, бірақ қазір ол Қытаймен байланысты болған кезде - бұған дейінгі соғыс аралық кезеңде Американың синониміне айналғаннан кейін - ол өткенге қарағанда басқа көздерден қарсылық тудыруда.

Алға қарай отырып, АТ/ЖИ ( IT/AI) саласындағы революциялар экономикалық қызметтің көптеген түрлерінің сипатын өзгерту арқылы кейінгі қаржы әлеміндегі түбегейлі өзгерістер дами береді деп айтуға болады. Банктер зұлым немесе жүйелі түрде қауіпті болғаны үшін емес, бірақ олар жаңа баламаларға қарағанда тиімді емес болғандығы үшін жойылып кетеді. Электрондық байланыс саласындағы барлық жақсартуларға қарамастан, банктік шығыстар мен алымдар іс жүзінде төмендеген жоқ; шын мәнінде, нөлдік немесе теріс пайыздық мөлшерлемелері бар аудандардағы көптеген тұтынушылар үшін алымдар іс жүзінде өсті. Қандай да бір сәтте жақын болашақта банктік қызметтердің көпшілігі ірілендіріледі – және жаңа және жақсартылған тәсілдермен – онлайн-платформалар арқылы жеке ұсынылады.

Капитализмнің кереметі оның тапшылық және ресурстардың таралуының көптеген проблемаларына табиғи жауап беру қабілетіне негізделген. Нарықтар табиғи түрде неғұрлым пайдалы болып табылатын идеяларды көтермелейді және қажет емес мінез-құлықты жазалайды. Олар көптеген адамдарды баға сигналдарына жауап ретінде өз мінез-құлқын түзетуге мәжбүрлей отырып, мемлекет қол жеткізе алмайтын кең нәтижелерге әкелуі мүмкін.

Қазіргі ғаламдық жылыну заманында, әрине парниктік газдардың шығарындыларын шектеудің тиімді тәсілдеріне қажеттілік бар. Бірақ климаттың өзгеруі сияқты күрделі проблемалар да тек технократтардың қарауында қалмауы керек. Біз барлығымыз азаматтар ретінде және нарық қатысушылары ретінде ат салысуымыз тиіс. Өз тарапынан, капитализм қорғаушылары қоғамдық қолдауға тағы да ие болу үшін жүйені қалай неғұрлым инклюзивтік ету керектігін анықтаулыры тиіс.

https://prosyn.org/rklDv7Pkk;