kotrikadze2_ DIMITAR DILKOFFAFP via Getty Images_navalny Dimitar Dillkoff/AFP via Getty Images

Навальныйдың қайта оралуы

МӘСКЕУ – Алексей Навальный Ресейдегі демалысқа толы ең «жалқау» айдың шырқын бұзайын деп тұр. Кеңес кезіндегі сияқты Ресейде жаңа жылды тойлау қаңтардың ортасына дейін жалғасады; адамдар армансыз апельсин мен ішімдікке тойып, 1970-жылдардағы ностальгиялық комедияларды көруге әдеттенген.  Ал саясат тақырыбы осы уақытта шет қалатын. Бірақ бұл жолы жағдай мүлдем өзгеше болуы мүмкін, себебі өткен жылдың тамыз айында уланып Берлинге жөнелтілген Навальный 17-қаңтарда елге оралады.

2020-шы жылдың соңында-ақ  қаңтар айында көп өзгерістер орын алатыны белгілі еді; өйткені, біз, орыс халқы, Ресей оппозициясының бас жетекшісі Алексей Навальныйдың қасақана кісі өлтіру нысанына айналғанынан хабардар болдық және оның Кремль бұйрығымен жүзеге асқанын білдік. Совет одағының атышулы құпия полициясы саналатын КГБ-ның ізбасары ФСБ Ресей азамттарын қорғаудың орынына режимге қарсылық танытқандардың көзін құртумен айналысып келген.

Bellingcat, The Insider, CNN журналистерінің бірлесіп жүргізген зерттеу жұмысы Сібірдің Томск қаласына барған тамыз айындағы сапарында Навальныйды "новичок" жүйке-параличтік уымен улаған Кремль операциясын анық ашып көрсетті. Уақыт өте келе ФСБ-ның қылмыс өнерінің осалдана бастауы Алексей Навальныйдың бағы болса керек. ФСБ операциясы сәтсіз аяқталды. Бүгінде Навальный ашық түрде, кейде қалжың аралас өзіне шабуылдағандардың кім екенін айтып жүр; ол  «жүйеде» жүргендердің бірімен сөйлесіп, телефон арқылы қастандық әрекеттің егжей-тегжейін білген. Қоңырауды жазып алған да Навальныйдың өзі еді.

We hope you're enjoying Project Syndicate.

To continue reading, subscribe now.

Subscribe

or

Register for FREE to access two premium articles per month.

Register

https://prosyn.org/qoAX6EFkk