Trump-cartoon-gray

Жақында қандай айыптар тағылады?

ВАШИНГТОН – Өткен аптада, 2016 жылғы АҚШ  президенті сайлауындағы Ресейдің рөлі мен Дональд Трамп пен Кремльдің байланысын анықтайтын тергеуді басқарған заңгер Роберт Мюллер арнайы құжаттарды іздеу үстінде деген жаңалықтар Трамптың онсыз да құлдыраған Ақ үйінің жағдайын нашарлата түсті. Аталмыш құжаттар Трампқа әділеттілікке кедергі келтірді деп айып тағуға апаратын кейбір таныс оқиғаларды қамтиды және оның  сайлау науқанына ресейліктердің қатысы бар екендігін көрсетуі де мүмкін.

Тергеуді тоқтату үшін жасалған Трамптың әртүрлі әрекеттері салдарынан оған әділетті тергеуге кедергі келтірді деген айып тағылуы мүмкін. Атап айтқанда, Трамп ФБР директоры Джеймс Комиден Трамптың бұрынғы ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңесшісі, генерал Майкл Флиннің үстінен басталған тергеуді жеңілдетуін сұрады. Негізі Флинді Трамп сайлаудан кейінгі Ресей елшісі мен Трамп арасында болған телефон қоңырауларының сипаты туралы вице-президент Майк Пенске жалған сөз айтқандықтан қызметтен босатқан еді.

Пенс кейін Флинннің Ресей елшісімен жәй ғана Рождество мерекесімен құттықтау сияқты қарапайым әңгіме құрды деп хабарлаған еді. Шындығында, олар президент Барак Обаманың сайлауға араласқаны үшін Ресейге тағайындаған санкцияларын алып тастау мүмкіндігін талқылаған. Мюллер болса, Трамптың Флиннің бұл тақырыптағы әңгімесі туралы хабардар болғаны және оны қолдағаны туралы білмекші.

https://prosyn.org/VeVzVuakk