Rakuten headquarters in Tokyo Behrouz Mehri/Getty Images

Жапония - «мүмкіндіктер елі»

ТОКИО – Токиодағы штаб-пәтері орналасқан бірнеше ғана компаниялар өздерінде мәдени және ұлттық әр тектестілік мол деп мақтана алады. Жиырма жыл бұрын, мен интернет және электронды саудадағы өршіл бастама Rakuten-ді ашқан кезімде, біз тек жапондық ер адамдар қызмет жасаған сол кездегі көптеген жапондық компаниялар тәрізді болдық. Ал бүгінгі таңда  біз әлемнің 70-тен астам елінде ое мыңнан астам адам жұмыс істейтін, олардың 40 пайызы әйелдерден тұратын, ірі онлайн дүкендердің біріміз. Біз гетерогенділік арқасында табысты болдық.

Бес жыл бұрын Rakuten негізі жапон командасы болды. Бірақ 2010 жылдың наурыз айында мен, менің ойымша, келесі өсудің негізі болған шешімді қабылдадым, яғни «англинизация» жоспарын жариялап, екі жылда ағылшын тілін мекемеміздің басты тілі болатынын айтып өттім. Мақсатым интернетті жақсы меңгерген қызметкерлерді тарту үшін қатты жарыс басталған салада жаһандық кеңеюдің негізін қалау болды.

Ағылшын тілін үйрену туралы хабарлағанымда, біздің жұмыс күшінің тек 10% -ы ғана ағылшын тілін жақсы білетін. Бір қызығы, менің командамның кейбір мүшелері қорқып кетсе, басқалары, әсіресе фирмадан тыс адамдар, мені аздап ақылымнан адасқан деп ойлады. Алайда, жеті жыл өткен соң,  бізден Жапонияның кеңсе титандары жапондық астанада штаб-пәтері бар ғаламдық брендті қалай құруға болатыны туралы кеңес алып жатыр.

To continue reading, please log in or enter your email address.

Registration is quick and easy and requires only your email address. If you already have an account with us, please log in. Or subscribe now for unlimited access.

required

Log in

http://prosyn.org/cJZ7lU0/kk;

Handpicked to read next