11

Мунның Оңтүстік Кореялық Остполитик саясаты

СЕУЛ – Корея демократиялық партиясының өкілі Мун Чжэ Ин Оңтүстік Кореяның жаңа президенті болып сайланды. Бұл елдің демократиялық тарихында екінші рет орын алған билік басындағы консерваторлардың либералдармен ауысуы болып табылады. Бұл ауысу өткен жылдың қазан айында кенеттен басталды, ал алдыңғы президент Пак Кын Хенің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қатысты дау басталып, жылдың басында оған импичмент жарияланып және қызметiнен босату арқылы шарықтау шегіне жетті. Пактың қызметтен босатылуы оңай жағдай болмағанымен, ол сондай-ақ, Оңтүстік Кореядағы демократияның тұрақтылығын көрсетті.

Мун елінің Солтүстік Кореямен қатынасы қатты шиеленіскен уақытта билікке келді. Оның жүргізетін саясатының қандай болатынын түсіну үшін, Ким Дэ Джунның 1998-2003 жылдардағы төрағалығынан бері Оңтүстік Кореяның жүргізген либералды сыртқы саясатын жақсы ұғыну керек.

Ким Еуропадағы қырғи-қабақ соғыстың бейбіт аяқталғанын көрген, және ол өз елінің коммунистік Солтүстікпен тұрақты қарсыластығын осындай зорлық-зомбылықсыз аяқтағысы келді. Сондықтан ол Солтүстік Кореямен тікелей байланыс орнатуды көздеді, және оның «күн шуағы саясатын» оның мұрагері, Но Му Хён де жалғастырды. 2009 жылы қайтыс болмай тұрып, Но (мен оның төрағалығы кезінде сыртқы істер министрі болып қызмет атқардым) Мунның саяси тәлімгері және жақын досы болды.

Қырғи-қабақ соғыстың соңғы онжылдығындағы Батыс Германияның Остполитик саясаты, немесе басқаша айтқанда, Шығыс Германиямен тікелей байланыс орната отырып Германияның қайта қосылуы, Ким үшін терең шабыт көзі болды. Бұрынғы неміс канцлері Вилли Брандт 1970 жылы Остполитик саясатын жүргізе бастады, және 1982 жылы билікке келген Гельмут Коль де осы саясатты сақтап қалды. Остполитик  Шығыс неміс режимін өзгерте алмағанымен, ол Шығыс Германияның Батыс Германияға қатты тәуелді етті және бірігу процесі кезінде Кольге маңызды саяси ықпал берді.

Әрине, көптеген корей либералдары Солтүстік Кореяның ешқашан ядролық қарумен Батыс Германия немесе Америка Құрама Штаттарын қорқытпаған Шығыс Германия сияқты емес екенін мойындайды. Бірақ Мун мен оның жақтастары, Ли Мён Бактан бергі консервативті оңтүстік кореялық президенттерінің, Коль Остполитик саясатын қолдағандай, «күн шуағы саясатын» жүргізбегеніне қатты қылжынады. Олар сол саясатты қолдағанда, Солтүстік Корея Қытайға қарағанда, Оңтүстік Кореяға көбірек тәуелді болар еді; және Солтүстік Корея режимін ауыздықтау үшін АҚШ және Оңтүстік Корея басшылары Қытайға әрдайым жалынбар еді.

Оңтүстік Кореяның либералдары стратегиялық жағдайдың Ким және Но дәуірінен бері, әсіресе Солтүстік Корея де-факто ядролық мемлекетке әлі айналмаған кезге қарағанда айтарлықтай өзгергенін мойындайды. Ұлттық бірігу туралы либералдық арманын іске асыру үшін, Мунның алдындағы басшыларға қарағанда әлдеқайда қиынырақ мәселелерге тап болатыны анық.

Мун әлі де өз арманын іске асыруға тырысатын болады, бірақ ол оны парасатты жолмен, және геосаяси шындықтарға көз салып отырып жасайды. Жақында Washington Post берген сұхбатында, ол АҚШ-Оңтүстік Корея альянсын өз дипломатиясының іргетасы ретінде санайтынын айтып,  және АҚШ-пен ақылдаспай тұрып, Солтүстік Кореямен келіссөздер бастамайтынына уәде берді. Бірақ, ресми келіссөздерден тыс, ол сондай-ақ халықаралық санкциялардың аясынан тыс жатқан денсаулық сақтау және қоршаған орта мәселелері бойынша корей ынтымақтастығын жаңғырту арқылы Солтүстікпен байланыс жасауға тырыса алады.

Соңғы тоғыз жыл ішінде, консервативті президенттер - әсіресе Пак - Солтүстік Кореяны денуклеаризацияға қарай апаруға тырысып, онымен барлық байланысты тоқтатқан. Оңтүстік Корея либералдары бұл саясаттың бейбіт біріктіруге бағытталған ұлттық мақсатты бұзып, оны бос ұранға айналдырды деп санайды. Олар өзара корей қарым-қатынастарын қолдау Германиядағы Остполитик сияқты, түбектің бірігуінің негізін қалайды деп сенеді. Осылайша, Мун денуклеаризацияны өзара араласу мен бірігуге дайындықпен жұптастыратын екі-жақты стратегиясын жүргізетін болады.

Мун Солтүстік Кореяны келіссөздер үстеліне келтіру үшін мықты санкциялар қажет болады деп мойындады. Сондықтан оның үкіметі АҚШ-пен ешқандай іргелі келіспеушілікті болдырмайды, әсіресе АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон АҚШ Солтүстік Корея режимнің өзгертуге тырыспайды деп айтып өткенін ескерсек.

Мун, өз консервативтік ізашарларына қарағанда, Солтүстік Кореяның ядролық және зымыран қызметін ұстап тұруға бағытталған АҚШ бастаған Иранда тәрізді мәміле жасау үшін үлкен бейімделгіштік танытатын болады. Бірақ, егер АҚШ президенті Дональд Трамп Оңтүстік Кореяны Американың жақында қабылдаған зымыран қаруынан қорғануға арналған (THAAD) жүйесі үшін төлем төлетсе, Мун бас тартуға мәжбүр болады. Әйтпесе, ол отандық сол және оң жақтан мықты қарсылыққа тап болады.

Қорытынды бірақ шешуші мәселе ол- Корея үшін ащы тарихи бар Қытай болып табылады. Қытай теңіз қуатының басып кіру үшін әлеуетті плацдармы ретінде Кәріс түбегін қарастырып, әр мүмкін кезде араласып отырған. Мысалы, Қытай 1592 жылы Жапония бірінші Кореядағы Чосон әулетін бағындыруды арқылы Мин әулетіне шабуыл жасауға дайындалғанда араласты. Ол 1894 жылы Қытай-жапон соғысы кезінде де, содан кейін 1950 жылдардың басында Корей соғысында да араласты.

Осы тарихқа қарамастан, корей либералыдары Қытаймен ынтымақтастық корей бірігуіне қол жеткізу үшін қажетті болады деп мойындайды. Тиісінше, Мунның үкіметіне Корея THAAD жүйесін өткізуге шешім қабылдағанда суып кеткен Қытаймен қарым-қатынастарды жақсарта отырып, АҚШ-пен де берік альянсты сақтауына тура келеді. Мун бұл жүйенің уақытша екенін және Солтүстік Корея денуклеаризация жасағанда, жойылады деген болжамдармен қытай алаңдаушылығын тынышталдыра алуы мүмкін.

Мун төрағалығы АҚШ және Жапониямен Оңтүстік Корея қарым-қатынастарын бұзады деп санайтындар, әрине, қателеседі. Өйткені, либералды Но төрағалығы кезінде, Оңтүстік Корея АҚШ-пен еркін сауда туралы келісім жасады, АҚШ әскерін өз шекараларының шегінде орын ауыстыруына рұқсат берді, және Иракта АҚШ-пен бірге күресуге өз әскерін жіберді. Мун сол мұраны сақтап отырып, Оңтүстік Кореяның іргелі де ұзақмерзімді ұмтылысын бейнелейтін «күн шуағы саясатының» басқа, жаңартылған нұсқасын  жандандыруға әрекет жасайды.