pulse of europe demonstration Andreas Arnold/AFP/Getty Images

Еуропа үшін күш біріктіру

БРЮССЕЛЬ – Бүгінгі Еуропа одағын құтқару керек әрі түбірімен қайта түлету керек. Ең бастысы - Еуроодақты сақтау, себебі Еуропаға қатер төніп тұр. Бірақ, сайлау науқаны кезінде Франция президенті Эммануэль Макрон айтқандай, Еуроодаққа деген бұрынғы қолдауды қайта қалпына келтіру де соншалық маңызды.  

Еуроодаққа ыдырау қаупі бір тұрғыдан сырттан төніп тұр. Одақты оның мақсаттарына дұшпан көзбен қарайтын елдер – Владимир Путин басқарған Ресей, Режеп Тайып Ердоған бастаған Түркия, Әбдел Фаттах әл-Сиси бастаған Египет, және қаласа бұл қатарға АҚШ президенті Дональд Трамп та қосыла алады.

Бірақ іштен де төніп тұрған қауіп бар. Еуроодақ 2008 жылғы қаржы дағдарысынан кейін еуроаймақта қалыптасқан ахуалға көп келмейтін келісімдердің ықпалында тұр. Ортақ валютаны тұрақты ете түсетін ең қарапайым деген өзгерістердің өзін қазіргі бар келісімдерден бөлек, үкіметаралық уағдаластық негізінде ғана енгізуге болады. Еуропалық институттардың жұмысы күрделіленіп кеткендіктен, Еуроодақ кей жағдайларда қалыпты әрекет ете алмай жатыр.

https://prosyn.org/QmaJ4G0kk