Mexico city street food Robin Cerutti/Getty Images

Мексика парадоксы

КЕМБРИДЖ – Мексика сияқты парадокске толы экономика әлемде кемде-кем. 1990-жылдардың ортасында макроэкономикалық дағдарыстардан титықтаған Мексика түбегейлі реформаларды қолға алды. Бұл реформа жылдам экономикалық өсімге жеткізеді деген үміт болды. Үкімет тұрғыдан сақтық танытып, экономикалық саясатты либералдандырды, Солтүстік Америка еркін сауда келісіміне (НАФТА) қол қойды, білімге инвестиция салып, кедейлікпен күресте инновациялық тәсілдерді қолданды.

Бұл реформалар көп жағынан жемісін берді. Макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жетті, ішкі инвестиция көлемі ЖІӨ-нің екі пайыздық пунктіне дейін ұлғайды, тұрғындардың орташа білім алу ұзақтығы үш жылға дейін өсті. Дегенмен, Мексика сыртқы майданда бұдан да көп жетістікке жетті. Экспорт көлемі ЖІӨ-нің 5 пайызынан 30 пайызына дейін өсті, сырттан келетін тікелей инвестицияның ЖІӨ-дегі үлесі үш есе ұлғайды.

Алайда, жалпы өнімділік пен экономикалық өсімнің қай жағын алып қарасаң да, көңіл құлазытар жайт көп. 1996 жылдан бері адам басына шаққандағы экономикалық өсім деңгейі 1,5 пайыздың айналасында болды, ал жалпы өнімділік көлемі бір деңгейде қалды не төмендеді.

https://prosyn.org/BlhbYy2kk