People protest against Rafael Correa government Patricio Realpe/LatinContent/Getty Images

БАҚ-ты реттеушілерге бір ескерту

КИТО – АҚШ президенті Дональд Трамптың баспасөзді жиі кемсітуінің салдары не болатынын білгіңіз келсе, бұрынғы президент Рафаэль Корреаның үкіметі жылдар бойы БАҚ-ты тұқыртып келген Эквадордағы жағдайға көз салыңыз. 2007-2017 жылдары билік құрған тұсында Корреа баспасөз бостандығын шектеуге бағытталған түрлі шаралар қолданды. Трамп сияқты ол да өз жақтастарын жұмылдыру үшін бар бәлені БАҚ-қа жауып отырды.

 2015 жылы Корреа конституцияға өзгеріс енгізіп, коммуникацияны су және электр қуаты сияқты қоғамдық қызмет түріне жатқызды, сөйтіп сөз бостандығына мемлекеттік бақылауды күшейте түсті. «БАҚ-та жан-жақты жазуды қамтамасыз ету» деген мақсатпен ол 2013 жылы Эквадордың «Коммуникация туралы» заңын қабылдатқызды. Ол заң үкіметке журналистерге көп айыппұл салуға, оларды күштеп кешірім сұратуға, тіпті түрмеге жабуға мүмкіндік берді.

Трамп сияқты Корреа да анда-санда телерадио хабарларға шығып, журналистердің атын атап кемсітіп отырды. Ал оның үкіметі ақпарат құралдарын жиі сотқа берді. Мәселен, Корреа елдегі ең басты газеттердің бірі - El Universo-дан80 миллион доллар өндіруді сұрады. Ақыр соңында газет «рақымшылық жасағаны» үшін 40 миллион доллар төлеуге мәжбүрленді.

https://prosyn.org/BXkneBakk