storm4_Win McNameeGetty Images_nancy pelosi Win McNamee/Getty Images

Медиада әйелді кемсіту қашан тоқтайды?

ЛОНДОН – Нэнси Пилоси – АҚШ тарихындағы жоғары лауазымға сайланған әйел саясаткер. Тереза Мэй – Британиядағы тек екінші әйел премьер. Амаль Клуни – әлемге әйгілі адам құқықтарын қорғаушы заңгер. Серена Уильямс – бұрынғы-соңғыдағы ең мықты әйел спортшы.

Бұл төртеуі де әйелдің биікке шығуы қалыпты жағдай емес, ерекше жаңалық саналатын қоғамда жетістікке жеткен. Дегенмен, медианың бір бөлігі олардың түр-келбетін, жасын және басқа адамдармен, соның ішінде ерлермен қарым-қатынасын олардың жетістіктері мен мүмкіндікерінен де жоғары қойып суреттеуге бейім.

АҚШ-тың Өкілдер палатасының спикері Пелосиді алып қарайық. Өз қызметіне екінші мерзімге сайланғанда New York Times “Ашық қызғылт көйлек киген Нэнси Пелоси ағаш балғаны алу үшін Өкілдер палатасының ортасындағы мәрмәр тұғырға шықты” деп туит жазып, қасына оның суретін берді. Кейіннен Times “дұрыс фреймделмеген” деп сынаған соң, туит өшірілді. Дегенмен бұл медиа индустрияның көкейіндегі ашық я тұспалды сексизмнің бар екенін көрсетті.

https://prosyn.org/5nKbG9fkk