Watching a live broadcast of Russian President Vladimir Putin's annual question session Yegor Aleyev/Getty Images

Ресейдің ақпараттық соғысының сабақтары

ВАШИНГТОН – Жалған ақпарат пен үгіт-насихат бұқаралық коммуникация пайда болғаннан бері бар. Тек оның таралу жылдамдығы мен ауқымы ғана өзгерген. Әлеуметтік медиа платформалары жалған ғылым мен конспирология теорияларының таралуын жылдамдатып, демократия институттарына жаңа да қауіпті әдістермен қатер төндіре бастады. Google-ден «Ресей» және «Трамп» деп іздеп көрсеңіз, «фейк жаңалық» дегеннің демократияға қандай ықпал етіп жатқанын байқайсыз. Дегенмен, жалған ақпаратпен күресем дегендер Ресей қаржыландырған өтіріктің тасқынына төтеп берген Украинаның тәсілін үйренгені жөн.

Әлемнің әр түкпірінде фактінің маңызы зор деп санайтындар қайта бас көтере бастады. АҚШ-та журналистиканың басты принциптері - дереккөзді анықтау мен фактілерді тексеруге басты назар аударатын ақпарат құралдары қайта күш алып келеді. Халық үшін тәуелсіз верификаторлар мен факт тексерушілердің маңызы артты.

Жаңалықтарды әзірлеушілер мен оны тұтынушылардың арасындағы айырмашылық азайғандықтан, жалған ақпараттың «батпағында» жол табу қиындап кетті. «Медиа сауаттылық» жобасынының Checkology тренинг курстары, қолданушылардың фейк жаңалықты ажырату мүмкіндігін тексеретін Factitious онлайн ойыны сияқты тың бастамалар қоғамның ақпаратты сұрыптау қабілетін арттыруға бағытталғанымен, бұлардан бәлендей нәтиже бола қойған жоқ. Бір құбылысты мақұлдаудың өзі біржақтылыққа негіделетіндіктен, қалыптасқан сенімдерге қайшы келетін  тұжырымдарды тықпалау ол сенімдерді өзгертуге емес, тіпті одан сайын орнықтыруға әкелуі мүмкін. Саясаткерлердің өздері сайлаушылардың қалауына қарай сөз сөйлеу үшін data mining пен неврологияға сүйенетіндіктен, ақиқатты өтіріктен ажырату мүмкін болмай қалды.

https://prosyn.org/1GwCCuqkk