manchester Ben Stansall/AFP/Getty Images

Манчестердің жарқын болашағы туралы

МАНЧЕСТЕР – Мен өзімнің манкуниандық болғанымды мақтан тұтамын (Манчестер тұрғындарын осылай атайды), бірақ мен он сегіз жасқа толып, жоғарғы оқу орнына түскенімнен бері ол жерде тұрмаймын. Мен қала орталығына жақын Сент-Мэри ауруханасында дүниеге келіп, оңтүстік Манчестердің жағымды аймағында өстім; бастауыш мектебім жағдайы қиындау ауданда орналасып, ал содан кейін Бернаж ауданында оқыдым. Мен оқыған Бернаждағы мектепке, менен отыз сегіз жылдан соң, спорт және концерттік комплекс Manchester Arena-да теракт жасады деп күдікке ілінген Салман Абеди де барған шығар.

Ислам мемлекеті өзіне алған Абеди жасаған қатыгез іс 21 жыл бұрын Ирландияның республикалық армиясының қала орталығының көп бөлігін қиратқан қорқынышты жарылыстарынан да сұмдық іс (көптеген адамдар бұл жағдай Манчестердың қайта жандануында маңызды рөл атқарды деп санайды). Кем дегенде, ол кезде лаңкестер лаңкестік әрекеттің алдында 90 минуттық ескерту жасады, және бұл көп адамдардың өмірін сақтап қалды. Абединың айуандық ісі керісінше, арасында балалар да бар, кем дегенде 22 адамның қазасына апарды.

Соңғы жылдары, мен осы ұлы қаланың экономикалық жаңғыру саясатына қатысты шараларда белсене қатысып жүрмін. Мен Үлкен Манчестер Кеңесінің экономикалық консультативтік тобының төрағасы, содан кейін «Солтүстік локомотив» идеясын ұсынған қалалардың экономикалық дамуы бойынша комиссияның да төрағасы болдым. Бұл солтүстікке орналасқан британ қалаларының экономикалық тұрғыдан біртұтас болуына бағытталған бағдарлама. Кейіннен, мен «Солтүстік локомотив» бағдарламасының жүзеге асыруының бастапқы кезеңдерінде көмектесу үшін Дэвид Кэмерон басқарған үкіметте жұмыс жасадым.

https://prosyn.org/ddgp21Bkk