Etienne Laurent/Getty Images

Макронның еңбек нарығындағы гамбиті

КЕМБРИДЖ – Тамыз айының соңында Франция президенті Эммануэль Макрон билікте өзін көкке көтеретін, я төменге құлдырататын, ең бастысы – еуроаймақтың болашағын айқындайтын еңбек нарығын реформалау жоспарын жариялады. Оның мақсаты – Францияның 10 пайыздан түспей тұрған жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, серпінге зәру экономикаға жан бітіру.

 Еңбек нарығын реформалау – Францияның күн тәртібінде бұрыннан тұрған мәселе. Францияның бергі тарихындағы басшылардың барлығы етжеңді еңбек кодексін қайта жазуға әрекеттенген, бірақ кәсіподақтардың қарсылығынан қаймығып, райынан қайтып отырған. Макрон әлі неге қарсы екенін ашық айтқан жоқ, ол мұны тек «Коперник революциясы» деп сипаттады. Бірақ, бұл жолы мүлде басқаша. Елдегі екінші ірі кәсіподақ жалпыұлттық ереуіл бастайтындарын жариялғанымен, Макрон қажетті саяси қолдауға ие болады деуге негіз бар.

 Макронның реформасына «еңбек нарығының бейімделгіштігін арттыру» деген эвфемистік атау берілген. Жаңа реформа бойынша, компаниялар қызметкерлерді оңай жұмыстан шығара алады, шағын фирмалардағы жұмыс беруші мен қызметші арасындағы келіссөзді орталықтың  құзырынан алады (сектор деңгейінде келісім алу талабы алынып тасталады), заңсыз жұмыстан шығарғаны үшін берілетін өтемақының жоғарғы шегін бекітеді, арбитраждың көмегімен компанияларды кездейсоқ шығындардан қорғайды. Оның үстіне ірі компаниялардағы жаппай қысқартуды сол мекеменің «әлемдік табысына» байлап қою дәстүрі жойылады, сөйтіп компаниялар жұмысшыларын ішкі табыстардың көлемі негізінде-ақ қысқарта алады.

To continue reading, please log in or enter your email address.

Registration is quick and easy and requires only your email address. If you already have an account with us, please log in. Or subscribe now for unlimited access.

required

Log in

http://prosyn.org/uyQL1Jv/kk;

Handpicked to read next