May and Merkel Leon Neal/Getty Images

Ғаламдық Азаматтар, Ұлтшыл-ауытқушылар

КЕМБРИДЖ – Өткен қазан айында, ғаламдық азаматтықтың идеясы туралы менсінбей сөйлегенде Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй көпшілікті дүр сілкіндірді. Ол өз сөзінде: «сіз өзіңізді ғаламдық азамат деп санасаңыз, онда сіз мүлдем азамат емессіз», -деді.

Оның сөзі қаржы БАҚ және либералды комментаторлар арасында мысқыл және дабылмен қарсы алынды. Бір сарапшы оған дәріс бере отырып: «бұл күндері, азаматтықтың ең пайдалы түрі тек Беркшир болысының әл-ауқаты үшін емес, бүкіл планетаның да жағдайын жақсартуға арналған»-деді. The Economist  мұны  «антилибералдық» бұрылыс деп атады. Ал бір ғалым оны ағарту құндылықтарын жоққа шығарды деп айыптап, оның сөзінде «1933 жылдың эхосы» барын ескертті.

Мен «ғаламдық азаматтың» қандай екенін білемін: мен оның тамаша үлгісін айнаға қараған сайын көремін. Мен бір елде өстім, басқасында өмір сүріп жатырмын, және екі паспортым бар. Мен жаһандық экономика туралы жазамын және  жұмысымның барысында мені әлемің түкпір-түкпірдегі орындарға жол жүремін. Мен азаматы ретінде мені қабылдаған елде қарағанда, басқа елдерде саяхаттарда көбірек уақыт өткіземін.

To continue reading, please log in or enter your email address.

Registration is quick and easy and requires only your email address. If you already have an account with us, please log in. Or subscribe now for unlimited access.

required

Log in

http://prosyn.org/XAMrJHd/kk;