jecohen2_Alexander SpitariGetty Images_overpopulationcrowd Alexander Spitari/Getty Images

Адам санағын қалай жүргізу керек

НЬЮ-ЙОРК – «The Lancet» журналының шілде айында жарық көрген жаңа зерттеуі бойынша, «соңғы жүз жылдықта адам санының артуы әлем халқының ендігі өсу траекториясына сәйкес келмейді». Жер бетіндегі адам саны 2064 жылы 9,7 млрд-қа жетіп, ал 2100 жылы 8,8 млрд дейін азаяды. Зерттеу авторларsның болжауынша, 23 елде, әсіресе Жапония, Таиланд, Испания, Украина елдерінде 2100 жылы адам саны 2017 жылы өткен санақтың жартысына тең болады; «өзге 34 елде адам саны 25-50%, оның ішінде Қытайда 48,0%-ға азайы мүмкін»

Керісінше, Нигерия халқы 2017-2100 жылдар аралығында 3,8 есе өседі. Бірақ бұл елде бала туу көрсеткіші 5.1-ден 1.7-ге төмендеуі ықтимал, яғни адам санының ұдайы өсу деңгейі мен 2017 жылғы Швециядағы бала туу көрсеткішінен (әр әйелге 1,8 бала) төмен. 2017 жылы Нигерия Сахараның оңтүстігінде орналасқан жалғыз Африка елі ретінде әлемдегі халық саны тығыз орналасқан 10 мемлекеттің қатарына енген. 2100 жылы аталған тізімге Конго Демократиялық Республикасы, Эфиопия мен Танзания қосылуы мүмкін.

Қытайдан кейін халық саны жоғары болып есептелетін төрт ел: Индонезия мен Үндістанда халық саны кеміп, ал АҚШ пен Пәкістанда өседі және оның себептері әр түрлі. АҚШ-тағы адам санының өсу себебі бала туу көрсеткіші 1,8-ден 1,5-ке төмендеуін алмастыратын  иммиграция арқылы  түсіндіріледі. Зерттеу авторларының айтуынша, Пәкістанда халық санының артуы тікелей бала туу көрсеткішінің жоғарылауына байланысты. Дегенмен бұл елде 2100 жылы бала туу көрсеткіші 3,4-тен 1,3-ке азаюы мүмкін, ол дегеніміз АҚШ-тың қазіргі немесе болжалып отырған бала туу көрсеткішінен де төмен.

https://prosyn.org/I94og0Rkk