South Korean President Moon Jae-in Jung Yeon-Je-Pool/Getty Images

Халыққа бағдарланған AСЕАН қауымдастығына қарай жол

СЕУЛ – Мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері Қауымдастығының (АСЕАН) басшыларымен алғашқы кездесуімнің АСЕАН құрылуының 50-жылдық мерейтойына қатысты тарихи сәтпен бір уақытта орын алғанына өте қуаныштымын. Осы 50 жыл ішінде менің елім - Корея Республикасы ғана емес, бүкіл Азия дерлік өзгерді. АСЕАН-ның экономикалық динамизмді пайдалану мен таратудағы рөлі аймақтың табысты болуында маңызды болды.

Корея үшін АСЕАН ерекше әрі құнды дос болды. Өткен жылдың өзінде алты миллионға жуық кореялықтар АСЕАН-ға мүше елдерге туристер ретінде де, бизнес мақсатымен де барды. АСЕАН-ға мүше мемлекеттердің шамамен 500 мың азаматы қазіргі уақытта Кореяда тұрады және жұмыс істейді, ал АСЕАН елдерінде 300 мыңға жуық корейлер тұрып, жұмыс істейді.

Бұл Кореяның АСЕАН-мен байланысының үкіметаралық қарым-қатынастардан гөрі кеңірек екенінің бірден-бір мысалы. Біздің байланысымыз көп адамның өмірін қоса алып өтетіндей терең.

https://prosyn.org/6oJOk67kk