kapparov1_RUSLAN PRYANIKOVAFPGetty Images_kazakhstan protest Ruslan Pryanikov/AFP/Getty Images

Қазақстанға қажетті реформалар

АЛМАТЫ – Қазақстанды 30 жылға жуық басқарып, наурыз айында президенттік қызметінен кеткен Нұрсұлтан Назарбаев Сингапур көшбасшысы Ли Куан Юді үлгі тұтушылардың бірі еді. Лидің көшбасшылығы Назарбаевқа саясатты либерализациялаудан бұрын экономиканы күшейту маңызды екенін көрсетті. Бірақ, бүгінде бұл тұжырымның кемшіліктері айқын көрініп отыр.

Назарбаевтың айтқанындай, “Орнықты экономикасыз орташа тап болмайды, ал орнықты экономика елдің құлдырауына жол бермейтін мықты, әрі парасатты көшбасшысыз өмір сүре алмайды.” Бірақ, оның үкіметі құрған экономика орнықты емес. Бұл бар болғаны 2014  жылы жалпы мемлекеттік бюджеттің 27 пайызын құраған мұнайдан түскен табыстың есебінен салықты төмен деңгейде ұстап, халықтың авторитаризмге деген келісімін тиімді түрде сатып алу ғана болатын.

Әлемдік мұнай бағасы 2014 жылы күрт төмендеп, 100 доллардан жоғары болған баррель құны 50 доллар шамасына дейін түскенде, Қазақстан тығырыққа тірелді. Ұлттық валюта - теңге АҚШ долларына шаққандағы құнының жартысын жоғалтып, таза табыс мұнай бағасы шарықтағанға дейінгі деңгейге түсті, жұмыссыздық, әсіресе, жастар арасында еселеп өсті.

https://prosyn.org/QHfolwukk