Kazakh President Nursultan Nazarbayev addressed the Astana Club Astana Times

Бұлыңғыр әлемдегі жас мемлекет

АЛМАТЫ – Қарашаның ортасында Қазақстанда «Еуразияның барлық елдеріне қатысы бар күрделі мәселелерді» талқылайтын, халықаралық сарапшыларының, саясаткерлер мен медиа өкілдерінің басын қосатын жаңа тәуелсіз де бейтарап платформа - Astana Clubжиыны осымен үшінші рет өтті. Бұл оқиға Қазақстанның соңғы жиырма жылдағы сыртқы саясатының көрінісі іспетті болды, десе де сол саясат дәл қазір бұрын-соңды болмаған сынақтарды бастан кешіріп жатыр.

Биылғы Astana Club-қа жоғары лауазымды тұлғалар да, түрлі тараптардың өкілдері де көп жиналды. Олардың арасында Еуропа мен АҚШ-тың, Азия мен Таяу Шығыстың ең белді зерттеу орталықтарының өкілдері, бұрынғы ел басшылар, мәселен, Түркияның экс-президенті Абдулла Гүл, Словенияның экс-президенті Данило Турк, бұрынғы еурокомиссар Бенита Ферреро-Валднер, Үндістан парламентінің депутаты Шаши Тарур, Ресейдің «Первый канал» телеаарнасының басшысы Константин Эрнст бар.

Пікірталас белгілі британ архитекторы Норман Фостер жобасын жасаған алып та футуристік ғимарат - Назарбаев орталығында өтті. «Жұлдыздар соғысы» фильміндегі галактикалардың жиынын елестететін сахнада қатысушылар Еуразияның картасы салынған үлкен үстел айналасына жайғасып, жаңа әлемдік тәртіпті, ұлы державалар арасындағы бәсекені, санкция соғыстарын, ядролық қарудың таралуын және аймақтық интеграциялық жобаларды талқылады.

https://prosyn.org/GMGFHyckk