Juncker EU John Thys/Stringer

Еуропаның құшағы қаншалық кең?

КЕМБРИДЖ – Осы айда Еуропа одағы бұл одақтың негізін қалаған (алғашқы атауы – Еуропа Экономикалық қауымдастығы) Рим келісімінің 60 жылдығын атап өтеді. Ауыз толтырып айтатын нәрсе көп. Ғасырлар бойғы соғыс пен төңкерістен, жаппай қырып-жоюдан соң Еуропа бейбіт әрі демократиялық аймаққа айналды. Еуропа одағы Кеңес блогында болған 11 елді өз қанатының астына алып, посткоммунистік транзитте оларға жол көрсетті. Және қазіргідей теңсіздік жайлаған заманда Еуроодаққа мүше елдерде әлемнің басқа аймақтарымен салыстырғанда табыс айырмашылығы мардымсыз қалыпта тұр.

Бірақ, мұның барлығы – бұрынғы жетістіктер. Бүгінде одақ терең дағдарыста, ал оның болашағы бұлыңғыр. Симптомдар барлық жерден байқалады: Брекзит, Грекия мен Испаниядағы жұмыссыздықтың аспандауы, Италияның қарызының өсуі және стагнация, популистік қозғалыстардың көбеюі, иммигранттарға және еуроға деген наразылық. Осының барлығы Еуропа институттарын түбірімен қайта құру қажеттігін аңғартады.

Еуропа комиссиясының президенті Жан-Клод Юнкердің Еуропаның болашағына қатысты жаңа құжаты әлі жүзеге аса қоймас. Юнкер бес түрлі жолды ұсынады: қазіргі тәртіпті қалдыру, тек ортақ нарыққа бағыт ұстау, кей елдердің басқа елдерден жылдам дамуына мүмкіндік беру, күн тәртібіндегі мәселелер ауқымын тарылта түсу, толыққанды интеграцияға жол салу.

https://prosyn.org/xKrmUxMkk